Әлеуметтік- бағдар­ланған құрылысты қолдау

Бұрын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ деп аталған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі — Компания) 2009 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған девелоперлік компания болып табылады. Оның негізгі мақсаты жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыру, атап айтқанда, үлестік құрылысқа қатысушылардың мәселелерін шешу және мәселелік объектілердің құрылысын аяқтау болды. Бастапқыда Компания құрылыс сатысында тұрған объектілерде тұрғын үй және коммерциялық алаңдарды сатып алу және оларды тиімді басқаруды қамтамасыз ету міндетін қойды. Компания ұлттық оператор рөлін атқара отырып, Қор компаниялары тобы қатысатын 11 өңірде «Қолжетімді баспана-2020», «Нұрлы Жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға өз үлесін қосты.

2009 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі Компанияның 100% акциясын жалғыз акционерге — «Самұрық-Қазына» АҚ-ға берді. Жаңартылған Даму стратегиясына сәйкес Компания «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы үшін құрылысты және жылжымайтын мүлікті басқару саласында қызметтер көрсетумен, тұрғын үй құрылысына инвестициялармен, импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіру үшін өндірістік қуаттарды салумен айналысады, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың операторы болады.

Жылжымайтын мүлікті пайдалануға беру

82

мың м2

2023 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш 2022 2023
Жылжымайтын мүлікті пайдалануға беру, мың м2 150,65 82,00
Сатылған жылжымайтын мүлік, мың м2 99,08 96,66
ROACE, % 5,29 7,04
Қарыз/Капитал, коэф. 1,13 0,76
NAV, млн теңге 70 611,5 77 891,0
Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтерді шығару, мың теңге 26 817,6 28 209,9
Еңбек өнімділігі27, млн теңге/адам 102,67 53,64
Қаржылық көрсеткіштер, млн теңге:
Түсім 19 641,5 19 316,4
Жалпы пайда 12 889,3 13 326,3
Дивидендтер 2 030,5 6 437,1
Таза пайда 5 283,7 7 437,3
Ағымдағы шығындар 12 778,7 12 497,9
Операциялық пайда 9 524,0 4 193,1
Таза қарыз 72 256,5 46 374,6
Төленген салықтардың көлемі, млрд теңге 2,196 1,365
Тұрақты даму принципі:
Кәдеге жаратылған қалдықтардың жалпы көлемі 0 0
Жазатайым оқиғалар 0 0
Жазатайым оқиғалардағы өлім 0 0
Тұтынылатын жылу және электр энергиясының көлемі:28
Электр энергиясы, мың кВт*сағ 5 052 4 828
Жылумен жабдықтау, Гкал 7 246 4 903

27 Көрсеткіш Қордың 09.12.2021 жылғы әдістемесі бойынша «Самұрық-Қ азына» АҚ Басқармасының шешіміне сәйкес көрсетілген, № 55/21 хаттама.

28 Зеленый квартал» және «Қазына-Тауэр» бизнес-орталықтарының энергия ресурстарын тұтыну көрсеткіштері көрсетілген, 2023 жылғы 27 шілдеде Қазына Тауэр Бизнес-­орталығы мемлекеттік меншікке берілді.

Компанияның таза кірісі

7 437,3

млн теңге

10

объект

пайдалануға берілді

Қаржылық нәтижелер

2023 жылдың қорытындысы бойынша Компанияның таза кірісі 7 437,3 млн теңгені құрады, жоспарлы таза кірісі 12 033,6 млн теңге болатын. Жеңілдікті ипотекалық бағдарламалардың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатудың әлсіз қарқынына байланысты құрылыс салушылардың Компания инвестициялық жобаларға салған қаражатты қайтару мерзімдерін бұзуы қаржылық нәтижеге теріс әсер етті. Компания күтілетін кредиттік шығындарға арналған резервтерді мойындады.

Құрылыс саласын қолдау

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компания Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қонаев, Көкшетау, Ақсу (Павлодар облысы), Тараз және Өскемен қалаларында 19 объекті бойынша құрылысқа инвестициялау шарттарын (бұдан әрі — ҚИШ) жасасты. 31.12.2023 жылға жасалған ҚИШ бойынша Компанияның коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік пулы 309,9 мың м2 және 996 машина орнын құрады, жобалардың жалпы құны — 125,9 млрд теңге, оның ішінде 76,9 млрд теңге көлеміндегі Компания инвестицияларының көлемі. Бұл жобаларды қаржыландыру өз қаражаты және нарық жағдайында тартылған қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

31.12.2023 жылғы жағдай бойынша осы жобалар шеңберінде Компания құны 2,2 млрд теңге болатын берілген жер учаскелерін («Алматы қаласындағы Ақкент ТК» және «Астана қаласындағы Мыңжылдық аллеясындағы 1 кезектегі ТК» жобасы шеңберінде) қоса алғанда, 57,4 млрд теңге инвестициялады. 10 объект пайдалануға берілді (оның ішінде 2023 жылы — 7 объект, 2022 жылы — 3 объект), пайдалануға берілген жылжымайтын мүліктегі Компанияның жалпы үлесі 240,8 мың м2 болды, 203,9 мың м2 сатылды. Бұл жобаларды қаржыландыру өз қаражаты және нарық жағдайында тартылған қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жергілікті өндірісті қолдау

2023 жылы Компания алдына қойылған міндеттердің бірін сәтті жүзеге асырды: импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіретін зауыттарды салу бағдарламасына қатысу. Астанада шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауыт құрылысының жобасы іске асырылды. Құрылыс барысында 150 жұмыс орны құрылды, зауыттың штаттық саны 96 адамды, ал есепті кезеңге нақты саны 45 адамды құрады.

2023 жылғы 15 желтоқсанда зауытқа Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді, ол өндіріспен танысу барысында «MetalFormer» ЖШС-нің шығарылатын өнімін жоғары бағалады және осындай кәсіпорындарды қолдаудың маңыздылығын және импорттық құрылыс материалдарынан отандық өнімге көшу қажеттігін атап өтті. Зауытты қолдау мақсатында Компания «MetalFormer» ЖШС өнімдерін Компания жобаларында пайдалануға және зауыттың өндірістік қуаттарын жүктеуге жәрдемдеседі.

Жайлы мектеп

2023 жылдан бастап Компания «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес орта білім беру ұйымдары объектілерінің нысаналы құрылысы жөніндегі Дирекциямен айқындалды. Компания жобаны басқаруды Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады және тапсырыс берушінің функциясына ие.

Есепті кезеңде бірінші кезеңде (2023-2024 жылдар) жоспарланған 208 жайлы мектептің құрылысынан 207 объекті бойынша «толық дайын» объектілерді жобалау және салу бойынша кешенді жұмыстарды сатып алуға шарттарға қол қойылды. Қалған 1 объект бойынша шартқа қол қою 2024 жылы жоспарланып отыр.

2023 жыл ішінде мердігерлік ұйымдар жер учаскелерін құрылысқа дайындауды (қоршау, бейнебақылау камераларын орнату, құрылыс техникасын жұмылдыру, инженерлік-геологиялық іздестіру және т.б.) жүзеге асырды. Жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындыларын алу шамасына қарай құрылыс-монтаждау жұмыстары басталатын болады.

Операциялық тиімділік

2022 жылы компания жалдау төлемдерін басқару жүйесін автоматтандыру жұмысын жалғастырды. Операциялық қызметті басқару шеңберінде 2023 жылы корпоративішілік бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша елеулі жұмыс жүргізілді, сондай-ақ ұлттық жобаның іске асырылуын мониторингілеу, сатып алуды өткізу және BPM (Business Process Management) үшін ақпараттық жүйелер енгізілді.

2024 жылға арналған жоспарлар

2024 жылы Компания инвестициялық қызмет шеңберінде Астана, Тараз, Өскемен, Көкшетау және Ақсу қалаларында (Павлодар облысы) 5 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны бекіту туралы қаулысына сәйкес мердігер ұйымдардың еліміздің 17 облысында және 3 мегаполисінде 208 мектеп салуды аяқтауы жоспарланған.