Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелеріне сыйақы беру саясаты
Қордың жарғысына және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуелсіз директорлар сыйақысының мөлшерін Жалғыз акционер айқындайды.
Тәуелсіз директорларға сыйақы төленеді және олардың міндеттерін орындауға байланысты шығыстар өтеледі.
Қордың төрағасы мен Басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақысының мөлшерін, еңбегіне ақы төлеу және сыйақы төлеу шарттарын Қордың Директорлар Кеңесі белгілейді. Олардың сыйақыларын анықтауда Қордың Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеті шешуші рөл атқарады.
Қордың төрағасы мен Басқарма мүшелеріне сыйақы беру жүйесі Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Қордың Төрағасы мен Басқарма мүшелеріне еңбекақы төлеу және сыйақы беру шарттарына сәйкес айқындалады және оған тиісті кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша лауазымдық жалақы, сыйақы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай біржолғы сыйлықақы кіреді. Тиісті кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы қол жеткізілген табыстары мен жұмыс тиімділігін арттырғаны үшін материалдық көтермелеу мақсатында Басқарма Төрағасы мен мүшесінің қызметін бағалау нәтижелеріне байланысты төленеді.
Сыйақы төлеу Қор есепті жыл ішінде шоғырландырылған қорытынды пайдаға қол жеткізген жағдайда жүзеге асырылады. 2023 жылы негізгі басқару қызметкеріне төленген және жалпы және әкімшілік шығыстарға енгізілген сыйақылардың жалпы сомасы 7 649 млн теңгені құрады. Бұл сома Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары үшін де, Қордың атқарушы органының мүшелері үшін де сыйақыларды қамтиды.