Басқарма және оның комитеттері

Басқарма Қордың ағымдағы қызметін басқаруға, Даму стратегиясы мен жоспарын іске асыруға, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен Қордың Жалғыз акционері қабылдаған шешімдердің орындалуына жауапты алқалы атқарушы орган болып табылады.

Қор Басқармасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қордың жарғысымен, Жалғыз акционердің және Қордың Директорлар кеңесінің шешімдерімен, сондай-ақ Басқарма туралы Ережемен және Қордың өзге де ішкі құжаттарымен реттеледі.

Басқарма төрағасы Жалғыз Акционердің шешімімен тағайындалады. Басқарма мүшелері Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен сайланады.

Басқарма мен Басқарма Төрағасы өз қызметінде Қордың Жалғыз акционері мен Директорлар кеңесіне есеп береді. Басқарманың құзыретіне, басқалармен қатар, мыналар жатады:

  • Жалғыз акционер немесе «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес Қордың Директорлар кеңесі қабылдайтын мәселелер бойынша шешімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Жарғыға сәйкес акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының, Компанияның өзге органының немесе Қор өзіне қатысты акционер, қатысушы болып табылатын немесе мүліктегі үлеске құқығы бар өзге де заңды тұлғаның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
  • Инвестициялық шешімдер мен инвестициялық жобаларды іске асырудың толықтығы мен мерзімдері бойынша үзілістерге жол бермеу бойынша компанияларға қатысты жедел шаралар қабылдау;
  • Компанияларға қатысты бірыңғай (оның ішінде компаниялар қызметінің салалары бойынша) қаржылық, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық, ақшаны басқару бойынша, кадрлық, әлеуметтік және өзге де саясатты қалыптастыру;
  • Компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту;
  • Қордың штаттық санын, штаттық кестесін және ұйымдық құрылымын бекіту;
  • ПК қызметінің нәтижелерін жыл сайынғы негізде тыңдау және Қордың Директорлар кеңесіне компаниялар қызметінің нәтижелері туралы есептерді ұсыну;
  • Қордың ішкі қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау.

Қор Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің толық тізбесі Қордың жарғысында www.sk.kz сайтында ашылған

Қор Басқармасының құрамы

Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы

Сайланған күні:

2023 ж. бастап

Білім:

  • Ресей Федерациясының СІМ Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, халықаралық экономикалық қатынастар факультеті — Экономика бакалавры, Экономика магистрі, Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі:

  • Қаржы талдаушысы Еуразия Өнеркәсіптік Қауымдастығы (ENRC) (2001-2003);
  • Бизнес менеджер Chambishi Metals PLC (Замбия, Китве қ.) (2003-2004);
  • Жобалық менеджер Research, Investment and Development Ltd (2004-2007);
  • Биржада сатылатын компания акцияларының құны бойынша талдаушы, Credit Suisse негізгі материалдар тобы (2007-2009);
  • «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма мүшесі (2009-2011);
  • Инвестициялық банкинг департаментінің директоры «RBS (Kazakhstan)» Еншілес банкі» АҚ Астанадағы өкілдігінің басшысы (2011-2012);
  • Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астана қаласындағы UBS AG Almaty Representative Office өкілдігінің басшысы (2012-2016);
  • Даму және инвестициялар жөніндегі Басқарушы директор — «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК" АҚ Басқарма мүшесі (2016-2017);
  • «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы (2017-2019);
  • Rothschild & Co Қазақстандағы өкілі (2019-2020);
  • «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Басқарма төрағасы (2020-04.2023);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы (04.2023 бастап).

Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы

Стратегия және активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор

Сайланған күні:

2022 жылғы наурыз

Білім:

  • Торонто университеті, Канада, «Мемлекеттік саясат және халықаралық зерттеулер»;
  • Уорвик университеті, Ұлыбритания, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек қызметі:

  • Бизнес-әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, «Семизбай-U» ЖШС («Қазатом­өнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) (2010-2011);
  • Желтоқсан 2012 — Жоба менеджері, басқарушылық есептілік жүйесін енгізу жөніндегі жобалық офис (БЕЖ), «Самұрық-Қазына» АҚ (2011-2012);
  • Басқарма Төрағасының кеңесшісі (қаржы-экономикалық мәселелер бойынша), «талдамалық қолдау» департаментінің директоры, стратегиялық даму департаментінің директоры, Жобаларды басқару департаментінің директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ (2013-2018);
  • Активтерді басқару дирекциясының талдаушысы, «Самұрық-Қазына» АҚ (2018-2019);
  • Жобалар жетекшісі, Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясы (2019-2021);
  • Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі бірлесіп басқарушы директор, «Самұрық-Қазына» АҚ (2021-2022);
  • 2022 жылдың ақпанынан бастап — «Самұрық — Қазына» ҰӘҚ» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры, 2022 жылдың наурызынан бастап — Басқарма мүшесі.

Казутин Николай Юрьевич

Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі Басқарушы директор

Сайланған күні:

Наурыз 2022 жыл.

Білім:

  • Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы.

Еңбек қызметі:

  • «Өнеркәсіптік сақтандыру тобы» ААҚ филиалдарын сақтандыру және бухгалтерлік есеп жөніндегі маманы, Алматы қ. (2001-2003);
  • «Amanat Insurance сақтандыру компаниясы» АҚ қаржы талдаушысы, Алматы қ. (2003-2005);
  • «Казинтерполис» сақтандыру брокері» ЖШС қаржы талдаушысы, Алматы қ. (2005-2006);
  • «ПрайсуотерхаусКуперс такс энд эдвайзори» ЖШС департаментінің аға менеджері Алматы (2006-2016);
  • «Кокшетауские минеральные воды» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі (2016-2018);
  • «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қ. (2018-2019);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары (2020-2022);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры (2022 жылдан бастап), Басқарма мүшесі (2022 жылдан бастап).

Отыншиев Елжас Мұратұлы

Стратегия және активтерді басқару жөніндегі бірлескен Басқарушы директор

Сайланған күні:

Сәуір 2023 жыл.

Білім:

  • Мәскеу физика-техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы — қолданбалы математика және физика (бакалавр);
  • Мәскеу физика-техникалық институты, жалпы және қолданбалы математика факультеті, мамандығы — қолданбалы математика және физика (магистр).

Еңбек қызметі:

  • Ernst&Young (Мәскеу) — Аудиторлық және консультациялық қызметтер бөлімі, Технологиялар және қауіпсіздік саласындағы қызметтер. Позициялары — талдаушыдан аға талдаушыға дейін (2007-2008);
  • Ernst&Young (Мәскеу) — Бағалау және бизнес-модельдеу бөлімі. Позициясы — талдаушы (2008-2009);
  • «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, Қаржы институттарымен жұмыс істеу департаменті. Позициялары — менеджерден Департамент Директорына дейін (2009-2012);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті, позициясы — бас менеджер (2012-2014);
  • «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС («Самұрық-Қазына» АҚ-ға іссапарға жіберілді), позициясы — Қордың Инвестициялық қызметін жобалық талдау департаментінің директоры (2014-2016);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Позициясы — Жаңа жобаларды дамыту департаменті жобасының Директоры (өсіп келе жатқан портфельдік компанияларды басқару) (2016-2018);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Позициясы — ­Активтерді дамыту департаментінің Тау-кен активтерін дамыту секторының басшысы (2018-2019);
  • «PlanetCare Management» ЖШС, Позициясы — Бас директордың Инвестициялар және даму жөніндегі орынбасары (2019-2021);
  • «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Позициясы — Басқарма Төрағасының Орынбасары (2021-2023);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ, Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директор (2023).

Рысқұлов Айдар Қайратұлы

Сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор

Сайланған күні:

2023 жылғы тамыз

Білім:

  • Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті — «Экономист» біліктілігі берілген "Қаржы және кредит" мамандығы;
  • Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті — «Заңтану бакалавры» академиялық дәрежесін бере отырып, «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы;
  • Назарбаев Университеті, басшыларға арналған MBA.

Еңбек қызметі:

  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да инженер-экономист (Қарағанды қ. ­филиалы) (2002-2003);
  • «АТФ Банк» АҚ (Астана қ. филиалы) Клиенттерді тарту секторының маманы, Операциялық бөлімнің Сервис-менеджерлер қызметінің маманы, ШОБ кредит беру бөлімінің ЕҚДБ бағдарламасы бойын­ша кредит беру секторының маманы, ШОБ кредит беру бөлімінің микрокредит беру секторының 2-деңгейдегі жетекші маманы (2003-2006);
  • «Банк Центр Кредит» АҚ кредиттік кеңсесінің бизнес-клиенттер бөлімінің аға кредиттік офицері (2006);
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Орта бизнеске сату орталығының бөлім бастығы (2006-2008);
  • «Еуразиялық Банк» АҚ Корпоративтік кредиттеу бөлімінің бас маманы (2009);
  • «ҚазАгро «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Инвестициялық жобалар департаменті Жобаларды талдау басқармасының бас менеджері, Инвестициялық жобалар департаменті Жобаларды талдау басқармасының бастығы, Инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары (2009-2012);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Қаржы активтерін басқару жөніндегі Директор, Корпоративтік қаржы департаментінің директоры (2012-2019);
  • Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор — «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі (2019-2023);
  • Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор — «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі (08.2023 бастап).

Сатжан Салтанат Ерболқызы

Сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор

Сайланған күні:

2023 жылғы тамыз

Білім:

  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша А­встралия ұлттық университеті — экономика бакалавры;
  • MBA, University of Warwick (2024 жылы аяқталады деп күтілуде).

Біліктілігі:

  • ACCA — бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы халықаралық біліктілік;
  • CFA 3-деңгейдегі үміткер;
  • «Finmentor.kz» ЖШС қаржылық сауаттылық мектебінің қаржы тәлімгері.

Еңбек қызметі:

  • Сертификатталған және Дипломды бухгалтерлер қауымдастығының құрметті мүшесі, АССА;
  • Big4 компаниясында және Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқат қорында қаржы, аудит және экономикалық талдау саласындағы 10 жылдық жұмыс тәжірибесі;
  • Бизнес-жаттықтырушы ретінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі (Ey Академиясы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, СҚКУ);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының «Экономикалық талдау» секторының басшысы (2018 ж. — 2021 ж.);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Жиынтық-талдау жұмысы және бақылау департаментінің басшысы (2021-08.2023);
  • Даму және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директор — «Самұрық-­Қазына» АҚ Басқарма мүшесі (08.2023 бастап).

2023 жылы Қор Басқармасы

61

отырыс өткізді

Барлығы

369

мәселе қаралды

Басқарма қызметі туралы есеп

2023 жылы Қор Басқармасы 61 отырыс өткізді, оның ішінде 55 бетпе-бет және 6 сырттай. Барлығы 369 мәселе қаралды, оның 358-і — бетпе-бет нысанында.

Қор басқармасы қараған ең маңызды мәселелер:

  • Қордың портфельдік компанияларының 2022 жылғы жылдық қаржылық есептіліктерін және Қордың портфельдік компанияларының 2023 жылғы тиісті есепті кезеңдердегі аралық қаржылық есептіліктерін бекіту;
  • Қордың портфельдік компанияларының директорлар кеңестерін және бақылау/қамқоршылық кеңестерін сайлау;
  • Қордың портфельдік компанияларының бірінші басшыларын келісу және/немесе тағайындау;
  • Қордың портфельдік компанияларының акцияларын сатып алу/жарғылық капиталдарын толықтыру;
  • Қордың портфельдік компанияларының жарғыларына және өзге де ішкі нормативтік құжаттарына өзгерістер енгізу;
  • Қордың Директорлар кеңесінің қарауына мәселелерді алдын ала мақұлдау және шығару;
  • Қордың ішкі нормативтік құжаттарын бекіту және/немесе оларға өзгерістер енгізу;
  • Қордың ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесін өзгерту;
  • Қор бюджетін түзету;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекешелендіру бағдарламасын орындау жөніндегі мәселелер;
  • Инвестициялық жобаларды бағалау ;
  • Қордың жасасуға мүдделілігі бар мәмілелерді мақұлдау.

2024 жылға арналған жоспарлар

2024 жылы қарастыру жоспарлануда:

  • Бюджетті, сатып алу процесін және инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, Қордың ағымдағы қызметінің мәселелері;
  • Қордың мәмілелері (мүдделі және/немесе ірі мәмілелер);
  • Қордың HR мәселелері (ұйымдық құрылымы, штаттық кестесі);
  • Портфельдік компанияларға қатыс­ты мәселелер, соның ішінде бақылау және қамқоршылық кеңестерге тағайындаулар мен сайлау, директорлар кеңестері, жылдық қаржылық есептерді бекіту, ішкі нормативтік құжаттарды қарау, жарғылық капиталды немесе акциялар санын өзгерту және басқа заңды тұлғаларға қатысу мәселелері;
  • Қордың ішкі нормативтік құжаттарын бекіту немесе өзгерту;
  • Есептер (Қордың құрылымдық бөлімшелерінің есептері және Қордың Директорлар кеңесіне шығарылатын есептер).

Басқарма жанындағы комитеттер

Инвестициялық-стратегиялық комитет

Инвестициялық-стратегиялық комитеттің негізгі мақсаты Қор активтерінің портфелін басқару шеңберінде басқарушылық шешімдер қабылдау процесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Комитет негізгі мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды үйлестіру және тұжырымдау арқылы Қордың стратегиялық ПӘК қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл мәселелер бойынша шешім қабылдауға тәуекелге бағытталған тәсіл үшін жағдай жасауды қамтиды:

  • Қор мен ЖК стратегиялық даму;
  • Қор активтерінің портфелін және Қор мен ЖК инвестициялық жобаларының портфелін басқару;
  • Тәуекелдерді басқару (қаржылық, инвестициялық, операциялық);
  • Инвестициялық саясатты, Кредиттік саясатты, қарызды және қаржылық тұрақтылықты басқару саясатын іске асыру;
  • Инвестициялық қызмет, стратегиялық және бизнес-жоспарлау, ірі күрделі жобаларды басқару бойынша корпоративтік стандарттарды іске асыру.

2023 жылы Қордың Инвестициялық-стратегиялық комитетінің

66

отырысы өткізілді

Кадр комитеті

Кадр комитетінің міндеті — Қордың кадр саясатының орындалуын үйлестіру, адам ресурстарын басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Қор тобына кіретін компаниялар үшін HR саласында әдіснамалық және талдамалық қолдау көрсету.

Кадр комитетінің құрамы Қор Басқармасының шешімімен айқындалады және Кадр комитетінің төрағасын қоса алғанда, кемінде 5 (бес) тұрақты мүшеден тұрады. Кадр комитетінің жұмысына Жұмыс органының және Комитет хатшысының өкілдері (дауыс беру құқығынсыз) қатысады.

2023 жылы Қордың Кадр комитетінің 7 отырысы өткізілді, оның ішінде 2 бетпе-бет және 5 сырттай отырыс. Барлығы 11 мәселе қаралды, олар бойынша 25 шешім қабылданды.

Атап айтқанда, осы отырыстарда келесі мәселелер қаралды:

  • Қордың жекелеген қызметкерлерінің лауазымдарын (грейдтерін) бағалау мәселелері;
  • Қордың жекелеген қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын қайта қарау мәселелері;
  • Қордың жекелеген қызметкерлеріне біржолғы сыйлықақы беру мәселелері;
  • Қордың жекелеген қызметкерлерін оқыту және кәсіби дамыту мәселелері;
  • Республика күніне орай Қор тобының қызметкерлерін марапаттау туралы мәселелер.

Жаңғырту жөніндегі кеңес

Жаңғырту ­жөніндегі кеңес Қор тобының ­құрамында трансформациялау бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ озық басқару практикаларын, технология­лары мен стандарттарын енгізу жөніндегі қызметті басқару және үйлестіру функцияларын орындайды.

Бұл орган Қор басқармасы жанындағы алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және оның шешімдері трансформация бағдарламасын табысты іске асыру үшін маңызды болып табылады.

Жаңғырту жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері:

  • Трансформация бағдарламасының мазмұнын, негізгі бағыттарын, қаржыландыру мәселелерін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін, қамту мен іске асыру мерзімдерін айқындау;
  • Қор мен компаниялар қызметінің функционалдық бағыттары бойынша Трансформация бағдарламасын енгізуді үйлестіру;
  • Қор мен компаниялардағы Трансформация бағдарламасына қатысушылар арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
  • Трансформация бағдарламасын енгізу сапасына қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Трансформация бағдарламасын іске асыру мониторингі, бағалауды жүзеге асыру, өзгерістерді енгізу нәтижелерін талдау, Бағдарламаның өзін түзету;
  • Трансформация бағдарламасын іске асыру барысында туындайтын мәселелер мен мәселелерді, оның ішінде бірнеше компаниялар үшін ортақ сипаттағы мәселелер мен мәселелерді жедел қарау;
  • Трансформация бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қордың тиісті органдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қарауына мәселелерді шығаруға бастамашылық ету.

2023 жылы Жаңғырту жөніндегі кеңестің отырыстары өткізілмеді.

Ғылыми-техникалық кеңес

«Самұрық-Қазына» АҚ ғылыми-техникалық кеңесі 2019 жылы құрылды. Ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін ҒЗТКЖ және инновациялар бойынша жобаларды таңдау, есепке алу, мониторингілеу және бақылау, алқалы және транспарентті шешім қабылдау процесінде кеңестің негізгі рөлі болып табылады.

2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ ҒЗТКЖ және инновациялар жөніндегі корпоративтік стандарты жаңа редакцияда бекітілді, ол ҒЗТКЖ және Қор тобының инновациялық портфелін басқарудағы бірыңғай тәсілді регламенттейді.

2023 жылы Ғылыми-техникалық кеңестің 3 отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша 5 перспективалық жоба қаржыландыруға мақұлданды. Жалпы, ғылыми-­зерттеу әзірлемелеріне 84-тен астам өтінім қаралды.

Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті (HSE)

2023 жылы Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті Қор компанияларындағы еңбек жағдайлары мен өндірістің апатсыздығын жақсарту бойынша үйлестіруді жалғастырды.

2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл комитет диалог, өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы стратегиялық бастамалар мен идеяларды ұсыну үшін платформа функцияларын тиімді орындайды.

2023 жылғы шілдеде Комитеттің 35-ші отырысы Қордың Басқарма Төрағасының төрағалығымен өткізілді, бірінші басшыларға орындау үшін нақты тапсырмалар берілді.

Отырыс еңбек қауіпсіздігі саласындағы жағдайды талқылауға арналды.

Тұрақты даму комитеті

Тұрақты даму комитеті ЖК Директорлар кеңестеріндегі Қордың Басқармасы мен Қор өкілдеріне ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ осы компаниялардағы тұрақты даму жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында құрылды.

Комитет міндетінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • Тұрақты даму қағидаттарын жоспарлы және үздіксіз ұстану жүйесін енгізу;
  • Компанияның тұрақты даму стандарттарына адалдығын көрсететін мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін әзірлеу;
  • Мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективада олардың тұрақтылығына нұқсан келтірместен Қор мен ПК-нің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету.

2023 жылы отырыстар өткізілген жоқ.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қор тобы шеңберінде ақпараттық қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесін құруға және дамытуға қатысты Қор Басқармасына ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ережесінің құрылымы қайта қаралды, оның шеңберінде Комитет қатысушыларының қатарына ақпараттық қауіпсіздікпен тікелей айналысатын Қор тобының қызметкерлері енгізілді.

Есепті кезеңде Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік саясатының мәселелері, портфельдік компанияларда ақпараттық қауіпсіздікті арттыру және қамтамасыз ету жөніндегі жобалар қаралды.

2023 жылы отырыстар өткізілген жоқ.