ESG рейтингтері және климаттық рейтингтер
Қор тобының портфельдік компаниялары GRI (ағылш. Global Reporting Initiative), TCFD (ағылш. Task Force on Climate-related Financial Disclosures) және CDP (ағылш. Carbon Disclosure Project) сияқты озық халықаралық стандарттарға сәйкес жыл сайынғы қаржылық емес есептілікті (тұрақты даму туралы есептерді) дайындауды тәжірибесіне енгізеді.
Бизнестегі нақты өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін құрал ретінде бизнесті жүргізудің әлеуметтік және экологиялық аспектілерін бағалау мен басқаруда шешуші рөл атқаратын ESG-рейтингтерін (Environmental, Social, Governance) алу тәжірибесі енгізілді.
Қордың даму жоспары ірі портфельдік компаниялардың алдына 2032 жылға қарай ESG-рейтинг көрсеткіштері бойынша 70% перцентильге кіруге қол жеткізу міндетін қойды.
Есепті жылы Қор және портфельдік компаниялар халықаралық рейтингтік агенттіктерден мынадай рейтингтер алды:
SUSTAINALYTICS агенттігінен ESG тәуекел рейтингі:
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ — 19,2 балл (төмен тәуекел);
- «Самұрық-Қазына» АҚ — 22,9 балл (орташа тәуекел);
- «Самұрық-Энерго» АҚ — 24,1 балл (орташа тәуекел).
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 32,3 балл (жоғары тәуекел).
S&Р Global агенттігі ұсынған «S&P Global CSA Score 2023»:
- «KEGOC» АҚ — 51/100;
- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ — 54/100;
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ — 43/100.
CDP климаттық рейтингтері:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ — В
- «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ — С
- «Самұрық-Энерго» АҚ — D
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ — D
Бұл бағалар Қорға және оның портфельдік компанияларына тәуекелдерді азайту және әлеуметтік және экологиялық тиімділікті арттыру мақсатында негізделген шешімдер қабылдауға және тұрақты даму саласында күш салуға көмектеседі.
Мүдделі тараптардың Қордың ESG-көрсеткіштеріне қызығушылығының артуын ескере отырып, 2024 жылы Қордың тұрақты даму туралы есебін тәуелсіз растау жоспарлануда. Бұл жетілдіру барлық мүдделі тараптарға сапалы және пайдалы ақпарат беруге бағытталған.