Комплаенс қызметі
Комплаенс қызметі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға жауапты Қордың құрылымдық бөлімшесін білдіреді. Қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ тиісті ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Қордың комплаенс қызметі қызметінің негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және портфельдік компаниялардың қызметін үйлестіруді және комплаенс қызметтерімен өзара іс-қимылды қоса алғанда, комплаенс бағдарламасын дамыту болып табылады. Комплаенс қызметі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатты, Мінез-құлық кодексін, Қор тобының функциясын комплаенс бойынша корпоративтік стандартты және Қордың өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
2023 жылы Комплаенс қызметі Қор компаниялары тобында комплаенс функциясын дамытуды, Қор компаниялары тобы деңгейінде комплаенс-бағдарламаның жекелеген элементтерін автоматтандыруды және Қор компаниялары тобы қызметінің ашықтығын арттыра отырып, реттеушімен өзара іс-қимылды дамытуды жалғастырды.
Қор басшылығы парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге және Қор компаниялары Тобының корпоративтік басқаруындағы қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізеді. Қор басшылығы ашықтық қағидаттары негізінде бизнес-қоғамдастықпен, шетелдік инвесторлармен, жұртшылық өкілдерімен, салалық қауымдастықтармен тұрақты кездесулер өткізеді және ашық диалог жүргізеді. Сондай-ақ, Қор басшылығы заңнаманы сақтау қажеттілігін және саясаттың сәйкестігін атап өтіп, дұрыс «жоғарыдан» бағыт беріп тұрады.
Қордың Комплаенс қызметінің басшысы квазимемлекеттік және жеке сектордағы комплаенс функциялары, мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен кездесулер мәселелері бойынша норма шығару жұмысына белсенді қатысады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Комплаенс қызметі:
- Қордың Мінез-құлық кодексін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысы бойынша Қордың Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 20 маусымдағы сырттай отырысының шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ мінез-құлық кодексі жаңа редакцияда бекітілді;
- Қордың Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 20 маусымдағы сырттай отырысының шешімімен бекітілген Қор компаниялары тобында 2023-2027 жылдарға арналған комплаенс функциясын дамыту стратегиясы әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қор тобының компанияларындағы қызметтің транспаренттілігін арттыру шеңберінде комплаенсті дамытудың 2023 — 2027 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары комплаенс бағдарламаның жекелеген элементтерін автоматтандыру жөніндегі бастамаларды қоса алғанда, үздік халықаралық практикаға сәйкес комплаенс функциясын дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйелерін ISO ҚРСТ 37001:2017 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйелері» стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттау айқындалды;
- «Самұрық-Қазына» АҚ тобының комплаенс функциясы бойынша корпоративтік стандарт толығымен қайта қаралды. Қор Басқармасының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 60/23 шешімімен жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының заңнамасына және тиісті халықаралық стандарттарды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, іскерлік этика және сәйкестікті (комплаенсті) қамтамасыз ету саласындағы үздік тәжірибелер негізінде Қордың ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген «Самұрық-Қазына» АҚ тобының комплаенс функциясы бойынша корпоративтік стандарт бекітілді.
Есепті кезеңде Қордың Комплаенс қызметі «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» ISO 37001 талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерге бағалау жүргізді. Бағалау нәтижелері бойынша Қорды кейіннен сертификаттау үшін іс-шаралар жоспары әзірленді.
Процестерді автоматтандыру шеңберінде Қордың Комплаенс қызметі жедел желі арқылы келіп түсетін өтініштерді қарау және ақпараттық жүйені (бұдан әрі — е-Комплаенс) әзірлеу жолымен үшінші тұлғалардың сенімділігін тексеру процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізді. е-Комплаенстің негізгі мақсаты жедел желіге келіп түсетін өтініштерді толық және жан-жақты қарау, мемлекеттік базаларда қамтылған контрагенттер туралы мәліметтерге қол жеткізуді беруді қоса алғанда, контрагенттерді тексеру, тәуекел деңгейін айқындау, үлгілік қорытындыларды қалыптастыру және Қор тобының барлық компаниялары үшін қолжетімділікпен бірыңғай интерфейс арқылы тексеру нәтижелерін сақтау бөлігінде комплаенс процестерді автоматтандыру болып табылады. е-Комплаенсті мүдделер қақтығысын декларациялауды, сыйлықтар қабылдауды және оқытуды автоматтандыру бөлігінде жүйелі пысықтау жоспарлануда.
Оқыту іс-шаралары бөлігінде 2023 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қордың портфельдік компаниялары өкілдерінің қатысуымен комплаенс функциясын және корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша іс-шаралар кешені (форумдар, семинарлар, кеңестер) өткізілді.