Тұрақты дамуды басқару құрылымы

Қор шеңберінде тұрақты даму аспектілерін интегра­циялауға ықпал ететін корпоративтік басқарудың озық әдістері мен қағидаттары белсенді енгізілуде.

Тұрақты дамуды басқару Қордың корпоративтік басқару құрылымына тығыз интеграцияланған, бұл Директорлар кеңесінен бастап атқарушы органдар мен бөлімше басшыларына дейінгі барлық деңгейлерде осы мәселелерді қарауға мүмкіндік береді.

Қор басқармасы операциялық қызметке, экономикалық және тұрақты дамуға жауап береді. Ол Директорлар кеңесіне есеп береді және әр тоқсан сайын оның алдында Қордың нәтижелері туралы есеп береді. Басқарма сонымен қатар Директорлар кеңесі мен Бірыңғай акционер бекіткен тұрақты даму саласындағы Қордың стратегиялық міндеттерін орындауға және дамуына жауапты болады.

Директорлар кеңесінің комитеттері өз құзыретіне кіретін мәселелерді, әсіресе еңбекті қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қоса алғанда, тұрақты даму салаларында мұқият талдауда маңызды рөл атқарады.

ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ