Қоғамдық кеңес

«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі — бұл консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган. Азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру, Қор қызметінің есептілігі мен ашықтығын арттыру үшін құрылған. Кеңес қызметінің саласына Қордың корпоративтік басқаруын одан әрі дамыту; адами капиталды дамыту; экономикалық саясат бойынша кешенді талдау, үрдістерді болжау және тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеу мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды зерттеу, дайындау және ұсыныстар әзірлеу кіреді. Қоғамдық кеңес өз жұмысының жылдарында Директорлар кеңесі мен басқарманы алмастыр­май, қабылданған шешімдердің алқалылығы, жариялылығы мен ашықтығы арқасында «Самұрық-Қазына» АҚ транспаренттілігін қамтамасыз етудің маңызды элементіне айналды.

Қоғамдық кеңес қалай жұмыс істейді

Қордың Қоғамдық Кеңесінің отырыстары Қордың және оның ұлттық компанияларының қызметі туралы есептерді тыңдау нысанында өтеді, бұл қоғамдық бақылаудың тиімді тетігін қамтамасыз етеді.

Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау қаралып отырған мәселеге жетекшілік ететін басқарушы директордың баяндамасын және Қордың Қоғамдық кеңесі Төрағасының қосымша баяндамасын қамтиды. Тыңдау қорытындысы бойынша Қор мен оның компанияларының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданады.

Қордың Қоғамдық кеңесі қызметінің мақсаты азаматтық қоғамның мүдделерін қорғау, сындарлы диалогты дамыту, қоғамдық пікірлерді жинау және есепке алу, сондай-ақ Қордың даму стратегиялары мен жоспарларына қоғамдық мониторинг жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Қоғамдық кеңестің Төрағасы мен мүшелері корпоративтік басқару, заңнама, медиа, ғылым және экономика сияқты әртүрлі салалардағы сарапшылардың білікті құрамы болып табылады. Олардың тәжірибесі мен кәсіби дағдылары кеңестің міндеттерін шешуге көп қырлы көзқарасқа ықпал етеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің әрбір отырысына сыртқы сарапшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, қоғам қайраткерлері және басқа да мүдделі тараптар тартылады. Бұл тәжірибе диалогқа көзқарастар мен тәсілдердің жан-жақтылығын енгізе отырып, талқыланатын мәселелер бойынша құзыреттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл Қор мен оның портфельдік компанияларының жұмысының негізінде жатқан негізгі тақырыптар мен бастамаларды тереңірек талдауға және жан-жақты қарастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің қызметі шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін ашық аккредиттеу жүзеге асырылады. Бұл тәсіл Кеңес жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді және журналистер мен медиа ұйымдарды қоса алғанда, қалың жұртшылық үшін отырыстардың барысы мен нәтижелері, сондай-ақ Қордың негізгі бастамалары мен жобалары туралы тікелей ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Сыртқы сарапшылар мен БАҚ өкілдерін тарту қоғаммен ашықтық пен.

Азаматтық қоғамның өкілдері

Қоғамдық Кеңестің Төрағасы:

  • Жәмішев Болат Бидахметұлы.

Қордың Қоғамдық кеңесінің мүшелері:

  • Булавкина Ольга Александровна — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты;
  • Сайыров Ерлан Бияхметұлы — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты;
  • Жүнісова Ләззат Олжабайқызы — ­«Хабар" Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;
  • Қазыбаев Айдар Қалымтайұлы — Ұлттық корпоративтік басқару академиясының басқарушы серіктесі;
  • Жолдыбалина Алуа Серікқызы — ­Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары;
  • Тәжібаева Ирина ­ — ­Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институты директорының орынбасары.

«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері:

  • Казутин Николай Юрьевич — Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекел­дер жөніндегі Басқарушы директор — «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі;
  • Рысқұлов Айдар Қайратұлы — Экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор — «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

2023 жылдың қорытындысы

2023 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесі барлығы 12 отырыс өткізді. Есепті жылы өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша 68 ұсыным әзірленді. Қордың Қоғамдық кеңесінің мүшелерінен басқа отырыстарға 149 сыртқы сарапшы тартылды.

Қоғамдық кеңес Алматы қаласында «Самұрық-Энерго» АҚ және «Эйр Астана» АҚ мәселелері бойынша ұйымдастырылған екі көшпелі отырыс өткізді. Бұл Қордың және оның портфельдік компанияларының қызметін бақылау мен бағалаудағы Қордың Қоғамдық кеңесінің белсенді рөлін, сондай-ақ Кеңестің әртүрлі өңірлердегі негізгі объектілермен және жобаларға қатысушылармен тікелей өзара іс-қимыл жасауға ұмтылысын көрсетеді.

Алматыдағы көшпелі отырыстар «Самұрық-Энерго» АҚ портфельдік компаниясының инвестициялық жобаларының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылауға, сондай-ақ жобалардың энергия тиімділігі мен экологиялық тазалығын арттыруға және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналды. Сондай-ақ, «Эйр Астана» АҚ портфельдік компаниясына тыңдау жүргізілді, бұл Компанияның корпоративтік және әлеуметтік міндеттемелерін орындау деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Бұл отырыстар Қоғамдық кеңеске экономиканың әртүрлі секторларындағы портфельдік компаниялардың алдында тұрған жұмыстар мен сын-қатерлер туралы тереңірек түсінік алуға және олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар қалыптастыруға ықпал етті. Мұндай тәсіл «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдарындағы корпоративтік басқару мен әлеуметтік жауапкершілікті нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыруда жұртшылықты қабылдау мен қолдауды жақсарта отырып, Қор мен қоғам арасындағы тығыз байланысты қалыптастыруға оң ықпал етеді.

Қордың Қоғамдық кеңесінің әрбір отырысы өзінің ақпараттық ресурстарымен де, дәстүрлі емес (блогерлер, әлеуметтік желілер, Telegram-арналар) бұқаралық ақпарат құралдарымен де кеңінен қамтылды.

2024 жылға арналған жоспарлар

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары Қордың және оның портфельдік компанияларының қызметіндегі ашықтық пен жауапкершілікті нығайту, сондай-ақ олардың әлеуметтік жауапкершілігін ілгерілету болып табылатын түрлі іс-шараларды өткізуді көздейді.

Қайырымдылық қызметін, «Жайлы мектептер» жобасын іске асыруды, қоғамдық бақылауды, сатып алу процестерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуді және басқа да маңызды тақырыптарды қоса алғанда, мәселелердің кең спектрін қамтитын отырыстар өткізу жоспарланған. Бұдан басқа, Қордың портфельдік компанияларының есептерін тыңдау және тексерулерді жүзеге асыру үшін өндірістік объектілерге бару үшін көшпелі отырыстар жоспарланған.