Сегменттер бойынша түсімнің өсуі сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерімен шартталған.
Мұнай секторында 2023 жылы мұнай экспорты көлемінің өсуі байқалды, ол Brent маркалы мұнай бағасының 2022 жылы баррель үшін 101,3 доллардан баррель үшін 82,6 долларға дейін төмендеуін өтеді. Мұнай өнімдерін сату бағалардың төмендеуі және қайта өңдеу көлемінің төмендеуі нәтижесінде төмендеді. Жүк теміржол тасымалы транзиттік тасымалдар мен жүк вагондар паркімен операциялардан түсетін кірістердің ұлғаюы арқасында өсті. Газды қайта өңдеу өнімдерін сату экспортқа жіберілетін газ сатылымының өсуіне байланысты өсті, ал уран өнімдерін сату U3O8 спот бағасының өсуіне және клиенттердің қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде жылдық жеткізілім көлемін ұлғайтуға қосымша сұраныстарына, сондай-ақ жаңа ұзақ мерзімді жеткізілім келісімшарттарына байланысты өсті. Мұнай мен газды тасымалдау құбырлар мен теңіз жолдары арқылы мұнай тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты өсті. Электр энергетикасындағы өсім 2023 жылғы маусымнан бастап тарифтердің өсуіне байланысты. Тазартылған алтынды сатудың төмендеуі құрамында алтыны бар шикізатты жеткізудің азаюымен байланысты, ал телекоммуникациялық қызметтер деректерді беру қызметтерінен түсетін кірістердің өсуін көрсетті. Пошта қызметтері бойынша түсімнің өсуі негізінен жеделдетілген пошта қызметтері, сәлемдемелер, сондай-ақ арнайы байланыс қызметтері бойынша түсімнің ұлғаюына байланысты.
Толығырақ ақпарат Қордың 2023 жылғы қаржылық есептілігінде берілген (1-қосымша).