Сатып алу қызметін сүйемелдеу

«Самұрық-Қазына ­Контракт» ЖШС (бұдан әрі — СҚК) 2009 жылы құрылды және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы үшін сатып алу операторының функцияларын орындайды.

Жасалған шарттардың сомасы

3 697

млрд теңге

Компания электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесін (Қордың сатып алу веб-порталы) қолдауға және дамытуға жауап береді, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының құрамында компаниялар сатып алатын өнімдердің жергілікті мазмұны мен бағасына мониторингті жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Компания Қор тобының сатып алу рәсімдерінде, Мемлекеттік сатып алуларда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың, табиғи монополиялар субъектілерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу процестерінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын әзірлеумен айналысады. Бұдан басқа, СҚК әлеуетті өнім берушілердің алдын ала біліктілігін жүргізеді және сатып алуды санатты басқару мәселелерінде Қор тобына жәрдем көрсетеді.

Көрсеткіш 2022 2023
Қор тобы бойынша сатып алу қызметінің көрсеткіштері
Жасалған шарттардың сомасы, млрд теңге 3 591 3 697
Сатып алудағы елішілік құндылықтың жалпы үлесі, % 79% 79%
Тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі, % 61% 60%
Жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық үлесі, % 89% 87%
Бір көзден (БК) тәсілмен өткізілген сатып алудың жалпы сомасы, млрд теңге (%-да өткізілген сатып алудың жалпы сомасының үлесі көрсетілген) 1 407 (39%) 2 100 (57%)
Ашық тендер тәсілдерімен (АТ), баға ұсыныстарын сұратумен (БҰ) және өзге де бәсекелестік тәсілдермен өткізілген сатып алулардың жалпы сомасы, млрд теңге (%-да өткізілген сатып алулардың жалпы сомасының үлесі көрсетілген) 2 184 (61%) 1 597 (43%)
Жасалған офтейк-шарттар саны (жыл соңына өспелі қорытындымен), бірлік 331 476
Жасалған офтейк-шарттардың сомасы (өспелі қорытындымен жыл соңына), млрд теңге 101,4 115,7
"Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС көрсеткіштері
Өндірістік көрсеткіштер
Сатып алу веб-порталында тіркелген әлеуетті өнім берушілердің саны (өспелі қорытындымен жыл соңына), мың бірлік 81 97
Алдын ала біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің саны, бірлік 96 (134)29 81 (215)30
Сатып алу категориялық стратегияларының саны (өспелі қорытындысы бар жыл соңына), бірлік 21 29
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы кодтарының саны (өспелі қорытындысы бар жыл соңына), бірлік 52 363 53 150
Қаржылық көрсеткіштер, мың теңге
Түсім 2 781 281 3 019 819
Есепті кезеңде төленген дивидендтер, алдыңғы жылы үшін 1 721 481 500 000
Таза пайда 585 794 637 824
Шығындар 2 199 575 2 512 600
Операциялық пайда 662 866 649 168
Таза қарыз 0 0
Төленген салықтардың көлемі 929 577 459 449
Тұрақты даму принципі:
Жазатайым оқиғалар 0 0

29 өспелі қорытындысы бар деректер (жеткізушілерді көзделген негіздер бойынша БӨӨ тізілімінен шығаруды ескере отырып)

30 өспелі қорытындысы бар деректер (жеткізушілерді көзделген негіздер бойынша БӨӨ тізілімінен шығаруды ескере отырып)

Қазіргі уақытта ҚТӨ тізіліміне 15 мыңнан астам тауар позициясы бойынша

706

ұйым енгізілген

2018 жылдан 2023 жылға дейін офтейк-келісімшарттар жасау үшін 68 жоба мақұлданды, нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 115,7 млрд теңгеге

476

офтейк-келісімшарт жасалды

Импортты алмастыру бағдарламасын іске асыру

Қор Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар өнеркәсіптік және инновациялық жобаларды іске асыруға белсенді қатысады. Қор қызметінің негізгі бағыттарының бірі Импортты алмастыру бағдарламасы арқылы жергілікті өндірісті қолдау болып табылады. Қор тұрақты түрде, тоқсан сайынғы негізде Қор компаниялары тобының ұзақ мерзімді қажеттілігі бар «Таза импорт тауарларының пулын» айқындайды және бекітеді. Қазақстан аумағында орналасқан компанияларға осы тауарларды өндіруді бастау ұсынылады. Бұған жауап ретінде Қор өндірілген өнімге тұрақты және ұзақ мерзімді сұранысты қамтамасыз етуге міндеттенеді. 2018 жылдан 2023 жылға дейін офтейк-келісімшарттар жасау үшін 68 жоба мақұлданды, нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 115,7 млрд теңгеге 476 офтейк-келісімшарт жасалды.

Қордың Тауар өндірушілері тізілімін жүргізу

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында Қордың тауар өндірушілер тізіліміне (ҚТӨ тізіліміне) енгізу үшін ұсынылған материалдар бойынша қабылдау, қарау және шешімдер қабылдау тұрақты негізде жүргізіледі, онда болу өндірушілерге Қордың сатып алуына қатысуға басым құқық береді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚТӨ тізіліміне енгізу бойынша бизнестен 2 532 өтінім қаралды. Қазіргі уақытта ҚТӨ тізіліміне 15 мыңнан астам тауар позициясы бойынша 706 ұйым енгізілген.

Қордың портфельдік компанияларымен бірге тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің

9

жаңа санаты әзірленді

2022-2023 жылдары БӨП тізіліміне

177

әлеуетті өнім беруші енгізілді

Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу

Қазіргі заманғы сатып алу тәжірибелері контекстінде әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік іріктеу (бұдан әрі — АБІ) процесі негізгі мәнге ие болады.

Ол кейіннен келісімшарттар жасасумен байланысты тәуекелдердің жанама төмендеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ тендерлік рәсімдерді жүргізуге арналған шығындарды оңтайландыруға ықпал етеді. АБІ тапсырыс берушінің сапалы тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру ықтималдығы жоғары ұйымдарды іріктеу арқылы нарықтағы ашықтық пен әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Барлығы Білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне (бұдан әрі — БӨП тізілімі) 215 әлеует­ті өнім беруші енгізілген. 2022-2023 жылдары БӨП тізіліміне 177 әлеуетті өнім беруші енгізілді (өсім — 2022-2023 жылдар кезеңінде 81 қатысушы).

Есепті кезең ішінде Қордың портфельдік компанияларымен бірлесіп 9 жаңа санаттағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер әзірленді, олар бойынша АБІ қолданылады. Әзірленген жаңа санаттар санының азаюы қолданыстағы санаттарды өзектендіру және БӨП тізіліміне енгізілген ұйымдардың жай-күйін мониторингілеу сияқты АБІ-нің қосымша рәсімдеріне назар аударумен түсіндіріледі. Ұсынылатын қызметтердің сапасына үнемі жүргізілетін мониторинг АБІ процесіне әлеуетті өнім берушілер тарапынан қанағаттанушылықтың 100% деңгейін белгілейді, бұл оның жоғары тиімділігін және нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға қосқан үлесін растайды.

Сатып алуды категориялық басқару

Сатып алуды категориялық басқару (бұдан әрі — СКБ) — компанияның сатып алу процес­терінің экономикалық тиімділігін жақсартуға бағытталған басқару саласындағы зама­науи әлемдік тәжірибені білдіреді. СКБ-ның негізгі мақсаты нақты бизнес-бағыттың ерекшеліктерін ескере отырып, сатып алуды жүзеге асыру тәсілін өзгерту болып табылады. Бұл тәжірибе сатып алу құнын едәуір төмендетуге, сатып алынатын тауарлардың сапасын жақсартуға, логистикаға шығындарды оңтайландыруға, сондай-ақ өтімді емес қорлардың көлемін азайтуға ықпал етеді. СКБ-ның басты артықшылығы — жеткізушіні таңдау кезінде негізгі критерий тек сатып алу құны ғана емес, сонымен қатар тауардың, жұмыстың немесе қызметтің өмірлік циклінің әр кезеңінде туындайтын барлық шығындардың жалпы сомасы болатынын білдіреді — сатып алу сәтінен бастап оларды толық есептен шығаруға немесе кәдеге жаратуға дейін.

Қордың және Қор ұйымдарының сатып алу санаттарының тізбесі

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Тізбеге сатып алудың 29 санатына енгізіледі, оның ішінде: Қор деңгейінде — 5, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 10, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ — 7, «Самұрық-Энерго» АҚ — 4, «Қазатом­өнеркәсіп» ҰАК» АҚ — 3.

Қордың сатып алу категориялық стратегияларын (бұдан әрі — СКС) әзірлеу және іске асыру

2023 жылы Қордың СКС «IT жабдығы» санаты бойынша өзектендірілді (Қор Басқармасының 2023 жылғы 26 қазандағы №51/23 шешімі).

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әзірлеу процесінде «Медициналық сақтандыру» және «Шиналар» санаттары бойынша Қордың екі СКС бар (бекіту 2024 жылы күтіледі).

Қордың СКС іске асыру қорытындысы бойын­ша экономикалық әсер 5 226 млн теңгені құрады (шығындар сомасының 16%ы).

Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын одан әрі дамыту

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығындағы (бұдан әрі — ТЖҚ БНА) кодтардың жалпы саны 53 150-ге жетті, оның ішінде тауарлар үшін 50 718 код, жұмыстар үшін 575 код және қызметтер үшін 1 857 код. 2023 жылы ТЖҚ БНА ақпараттық жүйесінде жаңа кодтарды қосу үшін 2 061 өтініш қаралды. Оның ішінде ТЖҚ БНА кодтарын қарау және бекіту жөніндегі Комиссия 1 037 жаңа кодты бекітіп, 1 024 өтінішті қайтарды.

ТЖҚ БНА дамыту және жетілдіру жөніндегі стратегиялық міндеттердің бірі сатып алулардағы техникалық ерекшеліктерді біріздендіру және стандарттау жөніндегі жоспарды орындау болып табылады. Көрсеткіш Қор компаниялары тобы бойынша тауарларды сатып алуда стандартталған үлгілік техникалық ерекшеліктермен қамтылған ТЖҚ БНА кодтарының санын көрсетеді және өткізілетін сатып алулардың тиімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ ТЖҚ БНА кодтарын дұрыс қолданбау тәуекелдерін жоюға бағытталған.

Қор компанияларының 2022 жылы 10 млн теңгеден жоғары және одан жоғары сатып алулары бойынша талдау негізінде, жылына 50 реттен артық қолдану жиілігімен және Қор компанияларының ұсыныстарымен есепті жылы тауарларға арналған ТЖБ БНА-ның 2 952 кодынан тізбе қалыптас­тырылды. Аталған кодтар бойынша Қор компанияларының мамандарымен бірлесіп электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде қолдану үшін үлгілік техникалық ерекшеліктердің шаблондары әзірленді.

Процестерді цифрландыру

«Самұрық-Қазына» АҚ мүлкін өткізу қағидаларына сәйкес «Қор мүлкін сату жөніндегі веб-портал» ақпараттық жүйесі әзірленді. 2023 жылдың 3 тоқсанында Қордың бірнеше портфельдік компанияларына сәтті пилоттық тестілеу өткізілді. Бұған дейін, 2022 жылы сатып алудың ақпараттық жүйесінде тауарларға жоспарлы бағалардың автоматтандырылған мониторингі енгізілген болатын. Сатып алу жоспарларын қалыптастыру немесе оларды түзету кезінде жоспарлы бағалар Қор бойынша орташа және нақты компания бойынша нақты бағамен салыстырылады. Артық болған кезде компаниялар хабарламалар алады және бағаларын негіздейді. Нәтижесінде көптеген компанияларда, соның ішінде жергілікті өндірушілерде баға ұсыныстарын сұраудың оң динамикасы байқалады, бұл жоспарлы бағалардың неғұрлым сапалы қалыптасуына әкеледі.

Сенімсіз өнім берушілер тізімі

СҚК Сенімсіз өнім берушілер тізбесін қалыптастырады және жүргізеді.

2023 жылы тізімге барлығы 924 әлеуетті өнім беруші енгізілді. Оның 464-і шарт жасасудан жалтарғаны үшін, 376-сы шарттық міндеттемелердің орындалмағанын немесе тиісінше орындалмағанын белгілеген сот шешімі бойынша, 60-ы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбегені үшін және 24-і сатып алу процесінде дұрыс емес ақпарат бергені үшін енгізілді.

2024 жылға арналған жоспарлар

2024 жылы бірқатар маңызды бастамаларды орындау көзделген. «Қордың мүлкін сату жөніндегі веб-портал» ақпараттық жүйесін іске қосуға мақұлдау алу үшін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүгіну жоспарлануда. Ағымдағы жылы техникалық ерекшеліктерді біріздендіру және стандарттау жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелерін ТЖҚ БНА және ЭСАЖ ақпараттық жүйелерінің қажетті модификацияларынан кейін сатып алу жүйесіне интеграциялау жоспарлануда. 2024 жыл ішінде Сатып алу санаттарының тізбесін өзектендіру де күтілуде.