Директорлар кеңесі және оның комитеттері

Директорлар кеңесінің жетекші рөлі

Қордың Директорлар кеңесі Қор Басқармасының қызметіне стратегиялық басшылық пен бақылауды қамтамасыз ететін Жалғыз акционерге есеп беретін басқару органы болып табылады. Директорлар кеңесі Қордың корпоративтік басқару кодексінің барлық ережелерін енгізуді қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесі туралы Ереженің 1-тарауының 2-тармағына сәйкес Директорлар кеңесінің қызметі тиімділік пен жауапкершілік, Жалғыз акционер мен компанияның мүдделерін барынша сақтау және іске асыру, сондай-ақ Жалғыз акционердің құқықтарын қорғау, компания қызметі үшін жауапкершілік қағидаттарына негізделеді.

Директорлар кеңесі Қор туралы Заңға, Кодекске және Жарғыға сәйкес өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдау және кез келген әрекеттерді жүзеге асыру кезінде дербес және тәуелсіз болады.

Директорлар Кеңесінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және Жарғыға сәйкес Жалғыз акционердің (егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе) немесе Қордың атқарушы органының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға, сондай-ақ Жалғыз акционердің шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ. 2023 жыл ішінде Директорлар кеңесінде бұл талаптарға қайшылықтар туындамаған.

Директорлар кеңесіне ұйымды басқару және Басқарма қызметін бақылау үшін жеткілікті өкілеттіктер берілген. Директорлар кеңесі өз функцияларын Жарғыға сәйкес орындайды және келесі мәселелерге ерекше назар аударады:

  • орта мерзімді жоспарлауды анықтау;
  • іс-шаралар жоспары қызметінің негізгі көрсеткіштерін қою және бақылау;
  • тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру және қадағалау;
  • Директорлар кеңесінің құзыреті шеңберінде ірі инвестициялық жобаларды және басқа да негізгі стратегиялық жобаларды тиімді іске асыруды бекіту және бақылау;
  • Басқарма басшысы мен мүшелерін сайлау, сыйақы беру, сабақтастығын жоспарлау және қызметін қадағалау;
  • Корпоративтік басқару кодексінің және Қордың корпоративтік стандарттарының ережелерін сақтау.

Директорлар Кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің толық тізбесі «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады және www.sk.kz сайтында Қордың Жарғысында ашылады.

Директорлар кеңесінің мүшелері корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтай отырып, өз міндеттерін тиімді орындайды. Олар Қордың тұрақты дамуына және оның ұзақ мерзімді құнын нығайтуға тиімді ықпал етеді.

Директорлар кеңесінің мүшелері өздерінің функционалдық міндеттерін орындайды және өз қызметінде мынадай қағидаттарды ұстанады:

  • өз өкілеттіктері шегінде әрекет ету;
  • Директорлар Кеңесінің, оның комитеттерінің отырыстарына қатысуға және оларға дайындалуға жеткілікті уақыт бөлу;
  • ұйымның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және тұрақты дамуына ықпал ету;
  • іскерлік этиканың жоғары стандарттарын сақтау;
  • мүдделер қақтығысын болдырмау;
  • тиісті парасаттылықпен, ептілікпен және абайлаушылықпен әрекет ету.

Директорлар кеңесінің құрамы31

31 Қордың Директорлар кеңесінің құрамы 2024 жылғы ақпандағы жағдай бойынша ұсынылды.

Бектенов Олжас Абайұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Сайланған күні:

2024 ж. бастап

Білім:

  • Қазақ мемлекеттік заң академиясы (М. С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті) — құқықтану;
  • Заң ғылымдарының кандидаты (диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республи­касында кәмелетке толмағандардың әкімшілік деліктілігінің алдын алудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері»).

Еңбек қызметі:

  • Олжас Абайұлы еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасында бөлімнің бас маманы ретінде бастады;
  • 2005-2006 жылдары Қазақстан Рес­публикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болып жұмыс істеді;
  • 2006-2009 жылдары Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Әкімшілігінде;
  • 2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды;
  • 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент басшысы қызметін атқарды;
  • 2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Рес­публикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының хатшылығының меңгерушісі;
  • 2016-2017 жылдары Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы болды;
  • 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
  • 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;
  • 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды;
  • 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы болды;
  • 2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды;
  • 2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-­Министрі болып тағайындалды;
  • ІІ дәрежелі «Айбын» (2014), ІІ дәрежелі «Даңқ» (2021) ордендерімен марапатталған.

Ерғалиев Әсет Арманұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

Сайланған күні:

2023 ж. бастап

Білім:

  • Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты — экономика;
  • Халықаралық бизнес мектебі, Швеция — экономика;
  • Йорк университеті — экономика;
  • Ноттингем университеті — экономика магистрі.

Еңбек қызметі:

  • Әсет Арманұлы еңбек жолын 2010 жылы Лондондағы Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің экономикалық департаментінде бастады;
  • 2013-2016 жылдары «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ директоры, вице-президенті, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды;
  • 2016 жылы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болды;
  • 2016-2020 жылдары Қазақстан Рес­публикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, ­Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Вице-министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының Орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші Вице-министрі лауазымдарын атқарды;
  • 2021 жылғы қаңтардан 2022 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болды;
  • 2022 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қыр­күйекке дейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып жұмыс істеді;
  • 2023 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды;
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2020).

Байбазаров Нұрлан Серікұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Премьер-Министрдің Орынбасары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Сайланған күні:

2024 ж. бастап

Білім:

  • Қазақ мемлекеттік басқару академиясы — экономика.

Еңбек қызметі:

  • Нұрлан Серікұлы еңбек жолын 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік департаментінде және Мемлекеттік қарыз алу департаментінде маман, бас маман, бөлім бастығы болып бастады;
  • 2004 жылдан 2011 жылға дейін ­«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директоры, корпоративтік даму департаментінің директоры, корпоративтік хатшысы болып жұмыс істеді;
  • 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ-да, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да жұмыс істеді;
  • 2016 жылдан 2022 жылғы қарашаға дейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы;
  • 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қазанға дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы;
  • 2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы ақпанға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы болды;
  • 2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды;
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, 4 мерейтойлық медалі бар.

Жәмішев Болат Бидахметұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Сайланған күні:

2022 ж. бастап

Білім:

  • Қазақ ауыл шаруашылығы институты — Экономика;
  • Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі:

  • Әр жылдары Болат Бидахметұлы мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарды: 1997 жылғы қарашадан 1999 жылғы наурызға дейін Қазақстан Рес­публикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; 1999 жылғы наурыздан 2001 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі; 2001 жылғы маусымнан 2002 жылғы ақпанға дейін Қазақстан ­Республикасының Ішкі істер вице-ми­нистрі; 2002 жылғы ақпаннан 2003 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Рес­публикасының бірінші қаржы вице-ми­нистрі; 2003 жылғы ақпаннан 2004 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары; 2004 жылғы қаңтардан 2006 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы;
  • 2006 жылғы маусымнан 2007 жылғы қарашаға дейін Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2007 жылғы қарашадан 2013 жылғы қарашаға дейін — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
  • 2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы тамызға дейін — Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі болды;
  • 2014 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы; 2020 жылғы сәуірден 2022 жылғы тамызға дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарын атқарды;
  • 2019 жылғы 2 қыркүйекте «Aitas KZ» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды;
  • 2020 жылғы 30 қазанда «Bank RBK» Банкі» АҚ тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды;
  • 2022 жылғы 15 қаңтарда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды;
  • 2022 жылғы 17 ақпанда «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланды;
  • Ордендермен марапатталған: «Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс», медальдармен марапатталған.

Лука Сутера

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Сайланған күні:

2020 ж. бастап

Білім:

  • Боккони Университеті (Италия) — Бизнес экономикасы магистрі дәрежесі;
  • IE Business School Халықаралық мектебі;
  • (Испания) — Global Executive MBA топ-басшыларына арналған МВА бағдарламасы;
  • Дипломды бухгалтер (CPA);
  • Дипломды директор (CIoD).

Еңбек қызметі:

  • Лука Сутера 26 жылдық жұмыс өтілі бар қаржы және инвестициялар саласындағы тәжірибелі басшы, оның 19 жылы Еуропадағы, Ресейдегі және Таяу Шығыстағы жаһандық энергетикалық компаниялар мен тәуелсіз әл-ауқат қорларының қаржы директоры қызметін атқарды. Лука Сутера қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы, Италиядағы, Испаниядағы, Франциядағы, Ирландиядағы, Германиядағы екі қорға және 18 портфельдік компанияға инвестицияланған 5 миллиард еуро активтері бар еуропалық инфрақұрылымға маманданған жетекші еуропалық инвестицияларды басқару фирмасы Asterion Industrial Partners компаниясының операциялық серіктесі болып табылады;
  • 2015 жылдан 2020 жылға ­дейін Asterion Industrial Partners-ке келгенге дейін Лука Сутера Катарда орналасқан мемлекеттік жаһандық энергетикалық компания Nebras Power компаниясының бас қаржы директоры қызметін атқарды;
  • 2011 жылдан 2015 жылға дейін Лука ­Сутера Абу-Дабиде орналасқан мемлекеттік жаһандық энергетикалық компания TAQA-да Global Power & Water Division бас қаржы директоры лауазымын атқарды.

Мохаммед Джамиль Исмаил Аль Рамахи

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

Сайланған күні:

2023 ж. бастап

Білім:

  • Эвансвилл университеті (АҚШ) — ­Бизнесті әкімшілендіру (қаржы);
  • Комплаенс бойынша диплом.

Еңбек қызметі:

  • Мохаммед Джамиль Исмаил Аль Рамахи — БАӘ-нің таза энергетика жөніндеі көшбасшысы және әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан жаңартылатын энергия көздерінің бірі болып табылатын Masdar компаниясының Бас директоры;
  • Аль Рамахи мырза Masdar-ға алғаш рет 2008 жылы қосылды және компанияда он жарым жылға жуық уақыт бойы бас директор болып қызмет етті, 2016 жылы бас директор болып тағайындалғанға дейін қаржы директоры және бас операциялық директор лауазымдарын атқарды;
  • Бас директордың міндеттерін орындаудан басқа, Аль Рамахи мырза атқарушы органдарда бірқатар көрнекті лауазымдарды атқарады. Ол Masdar компаниясының Атқарушы комитетінің төрағасы, Global Council on Sustainable Development Goals компаниясының Вице-төрағасы болып табылады, сондай-ақ Дубайдағы Mohammed Bin Rashid Al Maktoum Solar Park үшінші және алтыншы фазаларын дамытумен айналысатын тиісінше Emirates Waste to Energy Company, Shuaa Energy 2 PSC және Shuaa Energy 4 PSC Директорлар кеңесінің құрамына кіреді;
  • Аль Рамахи мырзаны Француз Республикасының Президенті Эммануэль Макрон ұлттық еңбегі үшін орденімен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев БАӘ-нің екі елмен екіжақты қарым-қатынасын нығайтуға міндеттемесі үшін Достық орденімен марапаттады.

Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы

Сайланған күні:

2023 ж. бастап

Білім:

  • Ресей Федерациясының СІМ Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, халықаралық экономикалық қатынастар факультеті — Экономика бакалавры, Экономика магистрі, Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек қызметі:

  • Нұрлан Қаршығаұлы 2001-2003 жылдары Еуразия өнеркәсіптік қауымдастығында (ENRC) қаржы талдаушысы болып жұмыс істеді;
  • 2003-2004 жылдары Chambishi Metals PLC (Замбия, Китве қ.) бизнес-менеджері және 2004-2007 жылдары Research, Investment and Development Ltd. жобалық менеджері болды;
  • 2007-2009 жылдары Credit Suisse базалық материалдар тобында биржада сауда жасайтын компаниялардың акцияларының құны бойынша талдаушы болып жұмыс істеді;
  • 2009-2011 жылдары «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болды;
  • 2011-2012 жылдары «RBS (Kazakhstan)» Еншілес банкі» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы болды;
  • 2012-2016 жылдары Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астана қаласындағы UBS AG Almaty Representative Office өкілдігінің басшысы болып жұмыс істеді;
  • 2016-2017 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры — Басқарма мүшесі болды; 2017-2019 жылдары «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді;
  • 2019-2020 жылдары Қазақстанда Rothschild & Co өкілі болды;
  • 2020 жылдан бастап 2023 жылғы сәуірге дейін «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Басқарма Төрағасы болып жұмыс істеді;
  • 2023 жылдың 4 сәуірінен бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

2023-2024 жылдардағы Қордың Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер

Күні Директорлар кеңесінің мүшесі Оқиға
2023 жылдың 16 қаңтарында Смайылов Әлихан Асханұлы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
2023 жылдың 4 сәуірі Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлы Басқарма төрағасы лауазымы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды
2023 жылдың 30 сәуірі Дудас Джон Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
2023 жылдың 17 тамызы Мохаммед Джамиль Исмаил Аль Рамахи Тәуелсіз директор ретінде Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды
2023 жылдың 4 қазаны Ерғалиев Әсет Арманұлы Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды
2024 жылдың 6 ақпаны Байбазаров Нұрлан Серікұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің — Ұлттық экономика Министрінің орынбасары лауазымы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды
2024 жылдың 6 ақпаны Бектенов Олжас Абайұлы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы жұмысы

Қордың Директорлар кеңесінің 2023 жылғы қызметі стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды тиімді іске асыруға бағытталды. Талқылау нәтижелері және олар бойынша қабылданған шешімдер Директорлар кеңесі отырыстарының тиісті хаттамаларында және шешімдерінде көрсетілген. Директорлар кеңесінің отырыстары Қордың Директорлар кеңесінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің отырыстарын ұйымдастыру дауыс берудің бетпе-бет немесе сырттай нысанын пайдалана отырып жүзеге асырылды.

2023 жыл ішінде Қордың Директорлар кеңесінің 20 отырысы өткізілді, оның ішінде 8 бетпе-бет және 12 сырттай отырыс. Барлығы 111 мәселе қаралды, олар бойынша 111 шешім қабылданып, 253 тапсырма берілді.

Қордың Директорлар кеңесінің қызметін салыстырмалы талдау қорытындысы бойынша 2018-2023 жылдар кезеңінде 2023 жылы өткізілген отырыстардың рекордтық саны байқалды, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсім болып табылады. Оның ішінде 12 отырыс сырттай болды, бұл да жоғары көрсеткіш.

2018 2019 2020 2021 2022 2023
Отырыстар саны: 11
8 бетпе-бет
3 сырттай
10
6 бетпе-бет
4 сырттай
15
5 бетпе-бет
10 сырттай
10
8 бетпе-бет
2 сырттай
18
12 бетпе-бет
6 сырттай
20
8 бетпе-бет
12 сырттай
Сұрақтар саны: 111 88 101 116 121 111

Қордың ұйымның ұзақ мерзімді құнын арттыру және тұрақты дамуы жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін Директорлар кеңесі қабылдаған шаралар

Қордың Директорлар кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Қордың және портфельдік компаниялардың қызметін реттейтін ағымдағы мәселелерді қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді, оларды келесі үш стратегиялық бағытқа жатқызуға болады:

01

Бірінші стратегиялық бағыты «Активтер портфелін тиімді басқару»

Бекітілген:

  • Қордың 2024-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
  • Қордың 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігі (шоғырландырылған және бөлек), таза табысты бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері бекітілді;
  • Қордың 2024 жылға арналған жылдық бюджеті;
  • Қордың 2022-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2022 жылға орындалуы туралы жылдық есебі қаралды.

Шешімдер қабылданды:

  • республикалық мемлекеттік мүліктің бірқатар активтерін Қордың балансына беру немесе оларды бейінді портфельдік компаниялардың пайдасына одан әрі беру туралы;
  • «Бутадиен және оның туындыларын өндіру» жобасын іске асыру үшін «Бутадиен» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 25%-н сатып алу және әрі қарай «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС бейінді портфельдік компаниясына беру бойынша.

02

Екінші стратегиялық бағыты «Бизнеске арналған экожүйе»

Шешімдер қабылданды:

  • Кендірлідегі теңіз суын тұщыландыру зауытын салу жөніндегі әлеуметтік маңызы бар жобаны рентабельділігі төмен деп тану және оны қаржыландыру көзін айқындау туралы;
  • республикалық бюджеттен қаражат бөлінуіне байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін теміржол жолаушылар вагондарының жылжымалы құрамының паркін жаңартуға қарыз алу туралы;
  • 1 кезектегі «Астрахань-Маңғышлақ» магистралдық су құбырын қайта құру және кеңейту» жобасын қаржыландыру туралы;
  • «Каспий теңізінің түбіне ТОБЖ төсеу» жобасын рентабельділігі төмен деп тану және оны қаржыландыру көзін айқындау туралы;
  • «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында инфрақұрылым объектілерін салу» жобасын қаржыландыру үшін Қордың жарғылық капиталын толықтыру жолымен 2023 жылға арналған республикалық бюджеттен қаражат тарту туралы;
  • «KEGOC» АҚ-ын одан әрі иеліктен шығарумен және бағасын, саны мен орналастыру құрылымын көрсете отырып, бәсекелестік ортаға беру тәсілін айқындау туралы;
  • «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 100% пакетін бәсекелестік ортаға өткізу жөніндегі ашық екі кезеңдік конкурсты іске асыру шарттары мен талаптарын қарау туралы;
  • жай акциялардың шекті санын көрсете отырып, «Эйр Астана» АҚ жай акцияларын иеліктен шығару туралы.

03

Үшінші стратегиялық бағыты «Тұрақты даму»

Бекітілген:

  • Тәуелсіз сыртқы растау үдерісінен өткен Қордың 2022 жылғы тұрақты дамуы жөніндегі есебі;
  • Қордың 2022 жылғы жылдық есебі;
  • 2023-2027 жылдарға арналған Қор компаниялары тобындағы Комплаенс функциясын дамыту стратегиясы.

Қарастырылған:

  • Қордың Жалғыз акционерінің қарауына «Қордың Директорлар кеңесінің 2022 жылғы қызметі туралы есеп туралы» мәселені шығару туралы ақпарат;
  • Қордың 2022 жылғы Директорлар кеңесі комитеттерінің, Қордың ішкі аудит және комплаенс қызметтерінің есептері;
  • Қордың 2022 жылғы Қайырымдылық бағдарламасының орындалуы туралы жылдық есеп.

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы тиімді жұмысы мен мүдделі тараптармен тығыз қарым-қатынасы, соның ішінде жалғыз акционер мен Қордың Басқармасы арқылы бірқатар негізгі аспектілерді бөліп көрсетуге болады.

Қордың 2024-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде маңызды салалық бастамалар мен міндеттер қою қаралды. Қордың іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг және оның негізгі қызмет көрсеткіштерін талдау жүзеге асырылды.

Директорлар кеңесі айқындаған тізім шеңберінде Қор тобы іске асыратын компаниялардың инвестициялық жобаларын іске асыру мониторингіне ерекше назар аударылды. Тиісті жобалардың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып және олардың іске асырылу барысына тиісті бақылауды қамтамасыз ету үшін Қордың Директорлар кеңесінің әрбір отырысында жобалардың ағымдағы мәртебесі туралы есептерді қарау қажеттілігі келісілді. Осы жобалардың стратегиялық маңыздылығын назарға ала отырып, Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде іске асыру үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Қор қызметінің негізгі көрсеткіштерін қайта қарау жүзеге асырылды.

Қор жұмысының негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы Үкіметін жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде активтерді бәсекелестік ортаға беру болып табылады. Жылына екі рет бетпе-бет отырыстарда Директорлар кеңесі Қор тобының компанияларын бәсекелестік ортаға беру жөніндегі жоспарлардың ағымдағы жай-күйі мен орындалу барысы туралы Қор басшылығының есебін егжей-тегжейлі қарады.

Директорлар кеңесінің әрбір бетпе-бет отырысында 2023 жыл ішінде Қордың Басқарма төрағасының өндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойынша жедел деректерді, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік органдармен бірлесіп Қорға тиісті тапсырмалар әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды қамтитын ақпараттық есептерін тыңдау өткізілді.

«Жауапты және нарықтық тариф қалыптастыру» стратегиялық міндеті шеңберінде Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша Қор портфельдік компаниялармен бірлесіп үш, төрт және бес жыл ішінде тегістейтін әсері бар Қор тобының залалды бағыттары бойынша әділ баға белгілеуге қол жеткізу бөлінісінде ұсыныстар қалыптастырды.

Корпоративтік басқару саласында Директорлар кеңесі жыл сайын қордың Кодекстің қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігі туралы есепті бекітеді, оның нәтижелері жылдық есепке енгізіледі.

2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қор арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің іске асырылу барысы туралы есепті Директорлар кеңесіне ұсыну тәжірибесі жалғасты.

Портфельдегі ең ірі энергетикалық активтердің болуын ескере отырып, Қор 2016 жылдан бастап жыл сайын Есептілік жөніндегі жаһандық бастаманың (GRI) стандарттарына сәйкес тұрақты даму саласындағы есепті жариялайды және 2023 жылы алғаш рет бұл есеп ISAE 3000 стандартына сәйкес «КПМГ Такс энд Эдвайзори» компаниясының тәуелсіз сыртқы куәландыру үдерісінен өтті. Тұрақты даму саласындағы есеп ESG аспектілерін ескере отырып, Қор мен портфельдік компаниялардың қызметі туралы негізгі ақпаратты қамтиды.

Қор тобы бойынша корпоративтік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру

Корпоративтік басқаруды күшейту — компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттырудың негізгі аспектілерінің бірі. Корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибелерін іске асыру акционерлер мен инвесторлар тарапынан қорға деген сенім деңгейін арттыруға, қарыз капиталының құнын төмендетуге және нәтижесінде компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыруға мүмкіндік береді.

2023 жылы Қор осы бағытта бірқатар ­іс-шаралар өткізді.

Қордың Корпоративтік басқару кодексін өзектендіру

Ұлыбритания және ЭЫДҰ Корпоративтік басқару кодексінің ережелерін қоса алғанда, корпоративтік басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру үшін Қор Қордың Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда әзірледі және ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 14 шілдесінде №590 қаулысымен бекітілді.

Кодекс озық халықаралық тәжірибені ескере отырып толықтырылды, оның ішінде:

  • Аға тәуелсіз директорды сайлау туралы ұсынымдармен;
  • Комплаенс қызметінің қызметін регламенттеумен;
  • ESG қағидаттарын Қор тобының бизнес-процестеріне интеграциялаумен;
  • Директорлардың тәуелсіздігін және комитеттердің құзыретін күшейтуге бағытталған критерийлермен.

Атап айтқанда, Ұлыбритания Кодексінің ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан басқа, Қордың жаңа Кодексі күшейтіліп, Директорлар Тәуелсіздігінің мынадай критерийлермен толықтырылды:

  • Соңғы үш жыл ішінде компанияның немесе топтың қызметкері ме немесе қызметкері болды ма;
  • Соңғы үш жыл ішінде компаниямен тікелей не серіктес, акционер, директор немесе органның бас менеджері ретінде материалдық іскерлік қарым-қатынаста ма немесе болған ба немесе компаниямен осындай қарым-қатынасты сақтады ма;
  • Директордың сыйақысынан басқа компаниядан қосымша сыйақы алды ма немесе ала ма, компанияның акцияларына опционға немесе қызмет нәтижелерін ескере отырып төлем сұлбасына қатыса ма немесе компанияның зейнетақы сұлбасына қатысушы болып табыла ма;
  • Директорлар кеңестеріне мүшелікке ие ме немесе басқа компанияларға немесе органдарға қатысу арқылы басқа директорлармен байланысы бар ма;
  • Ірі акционерді ұсына ма;
  • Директорлар кеңесінде алғашқы тағайындалғаннан бері тоғыз жылдан астам уақыт жұмыс істеді ме.

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету

Мемлекет басшысының мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында ­әйелдер үлесін кезең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қордың Корпоративтік басқару кодексіне Қордың портфельдік компанияларының, ондай-ақ Қордың атқарушы органдарының және оның қоржындық компанияларының құрамындағы мүшелердің жалпы санының, кем дегенде, 30%.

Осы міндет шеңберінде Қор тұрақты негізде ЖК ДК/БК құрамындағы әйелдер санына талдау және мониторинг жүргізеді. Қор және оның ПК Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ПК ДК және ЖК құрамдарына сайлау талаптарына сәйкес келетін әйел кандидаттарды іздестіруді және іріктеуді жүргізеді. Жүргізілетін жұмыстың нәтижелері туралы ақпарат тоқсан сайын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының — Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ), Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің (МАМ) атына жіберіледі.

Сондай-ақ, Қор Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен гендерлік теңдік мәселелері бойынша тұрақты негізде ынтымақтасады. Осылайша, Ұлттық комиссиямен бірлесіп, «Гендерлік теңдік» мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдердің үлесін арттыру бағдарламасы іске асырылды. Жоба ДК мен басқару органдарында әйелдердің қатысу үлесін арттыру үшін басқару дағдыларын дамытуға және әйел көшбасшыларды ­дайындауға бағытталған.

ДК/ЖК НС құрамдарын жаңарту

Қордың Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес Директорлар кеңестерінде және Бақылау кеңестерінде, сондай-ақ олардың жанындағы комитеттерде компания мүддесі үшін тәуелсіз, объективті және тиімді шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін дағдылардың, тәжірибе мен білімнің теңгерімі сақталуы керек.

Компаниялардың директорлар кеңестері компаниялар қызметінің ашықтығы мен заңдылығын, атқарушы органды тиімді басқаруды, даму стратегиялары мен жоспарларының орындалуын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қажетті шаралар қабылдауға, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін дамытуға тиіс.

Осыған байланысты, Қазақстан заңнамасының, Қордың Корпоративтік басқару кодексінің және Қордың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес Қор компаниялары қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, жоспарлары мен салалық бағыттарын ескере отырып, Қордың портфельдік компанияларындағы директорлар кеңестері мен бақылау кеңестерінің кәсіби құрамын сапалы жаңарту бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

Осы жұмыс шеңберінде нарыққа талдау және ДК мен БК-не әлеуетті кандидаттарды іздеу, құжаттар тізбесін қалыптастыру, кездесулер/сұхбаттар өткізу, белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, кандидатураларды мүдделі тұлғалармен келісу, ЖК уәкілетті органдарының тиісті корпоративтік шешімдерін дайындау және қабылдауды қамтамасыз ету жүргізіледі.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде ДК және БК құрамдары сапалы жаңартылады, салалық сараптама деңгейлері жоғарылайды, гендерлік құрамдас бөлігі жақсарады.

2023 жылы Қордың портфельдік компанияларындағы директорлар кеңестері мен бақылау кеңестерінің құрамдары тиісті салалық сараптамасы мен жұмыс тәжірибесі бар үздік сарапшыларды тарту арқылы жаңартылды, бұл әсіресе Қордың ірі компанияларының өткізілетін IPO/SPO шеңберінде маңызды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Қор мен портфельдік компанияларының Директорлар кеңестері мен бақылау кеңестері едәуір күшейтілді, жаңа құзыреттер енгізілді.

Ақпараттың ашықтығы мен ашылуын қамтамасыз ету

Ақпараттың ашылуына қойылатын жаңа жаһандық талаптарды назарға ала отырып, Қор қызметтің ашықтығын қамтамасыз ететін жүйелі жұмыс жүргізуде. ESG бойынша рейтингтік агенттіктердің критерийлерін толыққанды интеграциялау үшін Қордың портфельдік компаниялары ESG әрбір компоненті бойынша өзін-өзі диагностикалау жүргізді. Осы талдау қорытындысы бойынша ПК-да ЖК бизнес-процестеріне ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары қалыптастырылды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының, листингтік Қағидалары мен Қазақстан қор биржасының қағидаларының талаптарын ескере отырып, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, өзектендіру мақсатында Қор Басқармасының 2023 жылғы 30 маусымдағы шешімімен (№32/23 хаттама) Қор ақпаратын ашу және сақтау жөніндегі қағидалар жаңа редакцияда бекітілді.

Корпоративтік басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы Келісімді іске асыру үшін ЭЫДҰ Қазақстанның корпоративтік басқаруы бойынша ауқымды шолу жүргізді.

Шолудың мақсаты Қазақстанның ЭЫДҰ-­ның корпоративтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына қосылу ниетін қарау болып табылады. Бұл жұмысқа «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері қатысты.

Корпоративтік басқарудың озық халықаралық тәжірибесін енгізу шеңберінде Қор «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2023 жылғы желтоқсанда корпоративтік басқару бойынша Республикалық Форум ұйымдастырып, өткізді.

Форумның негізгі мақсаты бизнесті жүргізудің озық тәжірибелерімен алмасу, сондай-ақ корпоративтік басқарудың озық халықаралық стандарттарын Қазақстанның ерекшелігіне бейімдеу үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң құру болып табылады.

Форумға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері, директорлар кеңесінің мүшелері, корпоративтік хатшылар, корпоративтік басқару саласындағы сарапшылар, инвесторлар, жетекші компаниялардың менеджерлері және халықаралық спикерлер қатысты.

2024 жылы жоспарланатын негізгі жұмыстар

  • Жаңа редакциядағы Қор Кодексінің ережелерін ескере отырып, ЖК-да корпоративтік басқару кодекстерін өзектендіру бойынша процестердің мониторингі.
  • Мемлекет басшысының мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарындағы әйелдер үлесін кемінде 30% деңгейге жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ЖК ДК/БК құрамындағы әйелдер үлесін ұлғайту үшін әйел кандидаттар пулын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыру.
  • Қазақстандағы корпоративтік басқаруды шолу және ЭЫДҰ ұсынымдарын енгізу тетіктерін талдау процестерін аяқтау бойынша жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен және ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жасау.
  • ЖК-нің корпоративтік басқару деңгейінде, оның ішінде корпоративтік басқару мәселелері бойынша жоспарлардың орындалуы бойынша есептерді және ESG бойынша жоспарларды қарау арқылы мониторинг жүргізу.

ПК ДК/БК жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының, корпоративтік басқару кодексінің және Қордың ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес ПК ДК және БК құрамдарын жаңарту.

Директорлар кеңесі қараған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің негізгі мәселелері

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қолданыстағы саясатқа сәйкес Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесін қолдау және дамыту үшін тиісті көшбасшылық мәдениетін қалыптастыруда, сондай-ақ Қордың бүкіл тобында осы көшбасшылық мәдениетін көрсетуді қамтамасыз ететін тетіктерді енгізуде маңызды рөл атқарады.

Директорлар кеңесі шешім қабылдау кезінде ұзақ мерзімді құн, кірістілік және тәуекелдер арасындағы оңтайлы тепе-теңдікке сүйене отырып, жоғарыдан бағыт беріп тұрады. Директорлар кеңесі мүшелерінің тапсырмасы бойынша оның отырыстарына материалдар шығарылатын мәселенің Қор компаниялары тобының қаржылық нәтижелеріне қаржылық-экономикалық әсері туралы ақпаратты қамтиды. Бұл активтерді Қордың және оның портфельдік компанияларының балансына беру туралы мәселелерді қарастыру кезінде, сондай-ақ Қордың қаржылық тұрақтылығын ескеру қажет рентабельділігі төмен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру туралы шешімдер қабылдау кезінде ерекше маңызды.

Тәуекелдерді тиімді басқару мақсатында Директорлар кеңесі «үш қорғаныс желісі» қағидатын айқындады.

Бірінші қорғаныс желісі — тәуекелдерді барынша азайтуда шешуші рөл атқаратын бизнес-процестердің тікелей иелері.

Екінші қорғаныс желісі — бақылау функциялары, оның ішінде Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаменті, тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға және бірінші қорғаныс желісіне әдіснамалық қолдау көрсетуге жауапты Комплаенс қызметі болып табылады.

Үшінші қорғаныс желісі — тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін объективті және тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ететін Ішкі аудит қызметі.

Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және аудит жүйесінің мәселелерін талқылауға белсенді қатысады және тиісті бизнес-процестердің тиімділігін арттыру бойын­ша ұсынымдар береді.

Тоқсан сайынғы негізде Директорлар кеңесі Қордың және оның портфельдік компанияларының сыни тәуекелдерінің жай-күйі туралы есептерді қарайды, алдағы кезеңге тәуекелдер карталарын/тізілімдерін және тәуекелдер тәбетін бекітеді. 2023 жылы Директорлар кеңесі аса маңызды болып табылатын және компанияның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін тәуекелдердің көрсетілуін, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалау мақсатында тәуекелдерді митигациялау үшін басқарма қабылдаған шаралар нәтижелерінің серпінін ескере отырып, тоқсан сайынғы есептерді қалыптастыру мен ұсынуға тәсілдемені қайта қарады.

Барлық елеулі тәуекелдер, соның ішінде әлеуетті жазатайым оқиғалар, Қордың және оның портфельдік компанияларының ірі басым инвестициялық жобаларын іске асыруға байланысты тәуекелдер, әлеуметтік тұрақсыздық тәуекелдері, қаржылық тәуекелдер, сот ісін жүргізу тәуекелдері, сондай-ақ беделге нұқсан келтіруге және активтерді бәсекелес ортаға беруге байланысты тәуекелдер Директорлар Кеңесінің тұрақты назарында және бақылауында болды.

2023 жылы Директорлар кеңесі Қордың компаниялар тобындағы комплаенс функцияларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған стратегиясын бекітті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және комплаенстің өзге де түрлерінің әдіснамасын дамыту және жетілу деңгейін арттыру; комплаенс мәдениетін қалыптастыру және тартуды арттыру, Қор мен компаниялар тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және комплаенс саласындағы қызметінің ашықтығы мен жариялылығын арттыру, уәкілетті мемлекеттік органдармен және "Атамекен" ҰКП-мен өзара іс-қимылды дамыту, комплаенс және есептілік процестерін басқарудың кешенді автоматтандырылған жүйесін құру негізгі стратегиялық бағыттар болып табылады.

Директорлар кеңесінің қызметін бағалау

Қордың Директорлар кеңесінің қызметін бағалау Қордың Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 181 шешімімен бекітілген «Самұрық-­Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің қызметін бағалау туралы Ережеге сәйкес жүргізіледі.

2023 жылы осы Ереже Қазақстан Республи­касы Премьер-Министрі Қорының директорлар кеңесінің құрамына кіруіне байланысты жаңа редакцияда бекітілді және тиісінше, егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылған жағдайда, Директорлар кеңесінің қызметін бағалауды жүргізу тәртібін белгілейтін нормалармен ережені толықтырды.

2022 жылы Директорлар кеңесінің мүшелеріне және Қордың негізгі құрылымдық бөлімшелеріне сауалнама жүргізу арқылы Директорлар кеңесінің қызметін өзін-өзі бағалауды қоса алғанда, корпоративтік басқаруды бағалау жүргізілді. Өзін-өзі бағалау қорытындысы бойынша Қордың корпоративтік басқарудың жалпы рейтингі «BBB» құрады. Бұл рейтинг Қордың корпоративтік басқару жүйесі барлық маңызды аспектілерде барлық белгіленген критерийлерге сәйкес келетіндігін және жүйенің тиімді жұмыс істейтіндігінің жеткілікті дәлелі бар екенін көрсетеді.

2024 жылы өзін-өзі бағалау нысанында Директорлар кеңесінің мүшелеріне сауалнама жүргізу арқылы 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қордың Директорлар кеңесінің қызметіне бағалау жүргізу жоспарланған.

Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысу туралы ақпарат

Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері Қатысу/2023 жылы Директорлар кеңесі отырыстарының жалпы саны
Смайылов А.А. — Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 20/20
Сүлейменов Т.М. — Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары 12/14
Ерғалиев А.А. — Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі 3/5
Қуантыров А.С. — Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі 19/20
Дудас Д. — тәуелсіз директор 5/8
Жәмішев Б.Б. — тәуелсіз директор 20/20
Сутера Л. — тәуелсіз директор 17/20
Аль Рамахи М. — тәуелсіз директор 7/8
Сатқалиев А.М. — Директорлар кеңесінің мүшесі, Қордың Басқарма Төрағасы 4/4
Жақыпов Н.К. — Директорлар кеңесінің мүшесі, Қордың Басқарма Төрағасы 16/16

Ескертпе: Директорлар кеңесінің мүшелері Қордың Директорлар кеңесінің отырыстарына дәлелді себептермен қатысқан жоқ

Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер

Директорлар кеңесінің шешімдері әр мәселені талқылауға және талдауға жеткілікті уақыт бөлетін тиісті комитеттердің мұқият қарауынан кейін қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.

Комитеттер Директорлар кеңесінің құзыретіндегі мәселелерді терең талдауды және мұқият зерделеуді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, осылайша қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Комитеттер Директорлар кеңесінің отырыстарында қарау алдында неғұрлым маңызды мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады. Комитеттердің болуы Директорлар кеңесінің мүшелерін Директорлар кеңесінің құзыреті шеңберінде қабылданған шешімдер үшін жауапкершіліктен босатпайды. Комитеттер төрағалары жыл сайын комитеттердің қызметі туралы есептер дайындайды, содан кейін олар Директорлар кеңесінің отырыстарында ұсынылады және қаралады.

Аудит жөніндегі Комитет

Комитеттің рөлі

Аудит жөніндегі комитет Қордың Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады және Қордың Директорлар кеңесіне оның қаржылық есептіліктің тұтастығына, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігіне, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттары мен заңнаманы сақтауға бақылау функцияларын орындауға жәрдемдесу үшін құрылған.

Сонымен қатар, Аудит жөніндегі комитет Қордың Директорлар кеңесіне сыртқы аудиторларды тағайындау немесе қайта тағайындау туралы ұсыныстар береді.

Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес, бухгалтерлік есеп және аудит, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау салаларында терең білімі мен практикалық тәжірибесі бар тәуелсіз директорлар ғана Аудит жөніндегі комитеттің мүшелері бола алады.

Аудит жөніндегі комитет құрамындағы өзгерістер

2023 жылдың 1 мамырынан бастап Тәуелсіз директор Джон Дудас «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі мен Аудит жөніндегі комитетінің құрамынан шықты.

Аудит жөніндегі комитеттің 2023 жылғы жұмысы

Өткен жылы Аудит жөніндегі комитет сыртқы және ішкі аудит, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесі, қаржылық есептілік, корпоративтік басқару және комплаенс саласындағы 51 мәселені қарады. Қордың Директорлар кеңесіне ұсынылатын материалдардың, сондай-ақ ұсынымдардың сапасын арттыру мақсатында Аудит жөніндегі комитет қатысушылардың санын ескере отырып, күн тәртібінің әрбір тармағын қарауға және талқылауға жеткілікті уақыт бөлу үшін отырыстарды жоспарлауға және дайындауға ерекше назар аударды.

Сыртқы аудит мәселелері бойынша

  • «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалар үшін сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің № 13 "Аудиторлық ұйымды таңдау тәртібі" қосымшасының жаңа редакциясын қарады;
  • Қор мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, оның еншілес ұйымдарын қоса алғанда, бірлескен таңдау рәсімін жүргізуді үйлестірді және «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, оның еншілес ұйымдарын қоса алғанда, аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі бірыңғай комиссияның құрамын 2025 жылдан бастап бес жылдан аспайтын мерзімге бекітті;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022 және 2023 жылдардағы аудитті жоспарлау туралы есептерін қарады;
  • 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін «Самұрық-Қазына» АҚ шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілігі аудитінің нәтижелерін қарады және аудиторлардың тәуелсіздігіне көз жеткізді;
  • 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған 3 және 6 айдағы «Самұрық-Қазына» АҚ аралық қысқартылған шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілігінің шектеулі шолу рәсімдерінің нәтижелерін қарады;
  • 2022 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ тобына аудиторлық ұйымдар көрсеткен аудиторлық және аудиторлық емес қызметтердің көлемі туралы ақпаратты қарады, сондай-ақ 2022 және 2023 жылдары аудиторлық және аудиторлық емес қызметтер көрсеткені үшін «Самұрық-Қазына» АҚ сыртқы аудиторға төлеген сыйақы туралы ақпаратты Қордың корпоративтік интернет-ресурсында жариялауға бекітті;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ және оның «Самұрық-Қазына» АҚ аудиторлық ұйымы көрсететін еншілес ұйымдары үшін аудиторлық емес консультациялық қызметтер көрсетуді мақұлдау туралы мәселелерді қарады.

Ішкі аудит мәселелері бойынша

  • Ішкі аудит қызметінің Жылдық аудиторлық жоспарын, оның ішінде Қызмет қызметіне сыртқы бағалау жүргізуді қарады және мақұлдады;
  • Бекітілген Жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес тоқсан сайынғы аудиторлық есептерді қарады, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер бойынша есептерді қарады;
  • Ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің қызметінің тиімділігін, сондай-ақ Ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің жеке даму жоспарларын бағалады;
  • Ішкі аудиттің тәуелсіздігін және жеткілікті ресурстардың болуын арттыру үшін Аудит жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне жататын Ішкі аудит қызметінің жеке бюджетін енгізуді мақұлдады;
  • Жыл ішінде бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға және қосылған құнды құруға бағытталған құндылыққа бағытталған аудиттерді ілгерілету бойынша айтарлықтай күш-жігер жұмсалды;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Ішкі аудит қыз­меті қызметкерінің және басшысының жалақысының мөлшерін тағайындау мен айқындауға байланысты мәселелерді қарады және мақұлдады;
  • Үшінші тәуелсіз ұйым жүргізген Қызмет қызметінің тиімділігін сыртқы бағалау нәтижелерін қарады және бағалады.

Комплаенс қызметінің мәселелері бойынша

  • Комплаенс қызметінің 2022 жылғы 2 жартыжылдықтағы есебін қарады;
  • Комплаенс қызметі қызметінің тиімділігін, сондай-ақ басшысының жеке даму жоспарларын бағалады;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметі Басшысының 2023 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған мақсаттарын, Комплаенс қызметінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы комплаенс функцияларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған стратегиясын мақұлдады және Директорлар кеңесіне бекітуді ұсынды;
  • Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын шектеу және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ ішкі бақылау қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту бойынша ұсынымдарды қарады және Директорлар кеңесіне ұсынды;
  • Комплаенс қызметінің басшысы ұсынған ұсыныс негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметінің қызметкерін тағайындауды қарады және бекітті;
  • Комплаенс қызметінің басшысы ұсынған ұсыныс негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметінің қызметкерін тағайындауды қарады және бекітті;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметінің басшысын тағайындауды бекіту және оның жалақы мөлшерін анықтау туралы Директорлар кеңесіне ұсыныс берді;
  • Талаптар сақталуының бұзылуы және этикаға жат мінез-құлық туралы анонимді түрде хабарлау үшін үшінші тарап басқаратын «Жедел желі» жұмысының нәтижелерін қарады.

Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша

  • Қор тобының 2022 және 2023 жылдардағы шоғырландырылған тоқсандық және жылдық тәуекел есептерін, сондай-ақ 2023 жылға арналған тәуекел картасы мен тізілімін және тәуекел тәбетін қарап, Директорлар кеңесіне ұсынды;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ ішкі бақылау жүйесі шеңберінде екінші қорғаныс желісін дамыту жөніндегі алдын ала жоспар бойынша ұсынымдарды қарады және берді;
  • Бір жыл ішінде Аудит жөніндегі комитет тәуекел мәселелерін талқылауға және тәуекел иелерімен өзара әрекеттесуге, ашық қарым-қатынасқа, сондай-ақ негізгі тәуекелдерді сапалы талқылауға көп уақыт бөлді;
  • Сонымен қатар, Аудит жөніндегі комитет тәуекелдер бойынша есептерді дайындау мерзімі мен сапасы, тәуекелдерді жіктеу, олардың компанияның қаржылық жағдайына әсері, сондай-ақ тәуекелдерді басқару шаралары бойынша ұсынымдар берді;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ кредиттік тәуекелдерді басқару саясатының жаңа редакциясын қарады және мақұлдау үшін Директорлар кеңесіне ұсынды;
  • Әзірленген тәуекелдер және бақылау матрицаларын және Қордың үш бизнес-процесі бойынша бақылауды жақсарту бойын­ша ұсынымдары бар мониторинг есебін қоса алғанда, 2023 жылғы ішкі бақылау жүйесі бойынша атқарылған жұмыс туралы есепті қарады және бағалады.

2023 жылы Аудит жөніндегі Комитет барлығы

16

отырыс өткізді

Аудит жөніндегі комитет өз құзыреті шегінде әртүрлі салаларда

51

мәселені қарады

Қаржылық есептілік мәселелері бойынша

  • 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарады және бекіту үшін Директорлар кеңесіне ұсынды;
  • 2023 жылғы 30 наурыз және 30 маусымда аяқталған 3 және 6 айдағы «Самұрық-Қазына» АҚ аралық қысқартылған шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігін қарады;
  • Егжей-тегжейлі шолу жүргізіп, басшылықпен және сыртқы аудит өкілімен талқылап, келесі мәселелерді талқылады;
  • Қаржылық есептілікке енгізілген негізгі көрсеткіштер, әсіресе айналымнан тыс активтердің құнсыздануымен байланысты көрсеткіштер;
  • Қызметтің үздіксіздігі және өтімділігі;
  • Кредиттік ковенанттарды сақтау;
  • Жаһандық салық реформасының әсері — Pillar Two модельдік қағидалары, сондай-ақ Қордың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне «Жайлы мектептер» салу жобасы.

Корпоративтік басқару мәселелері ­бойынша

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау/сақтамау туралы есепті қарады;
  • 2022 жылғы «Самұрық-Қазына» АҚ тұрақты даму саласындағы жылдық есеп пен есептілікті қарады және Директорлар кеңесіне бекітуге ұсынды;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесіне «Самұрық-Қазына» АҚ Мінез-құлық кодексін жаңа редакцияда бекітуді ұсынды.

2023 жылы Аудит жөніндегі Комитет барлығы 16 отырыс өткізді, оның ішінде 9 бетпе-бет және 7 сырттай отырыс. Барлығы, Аудит жөніндегі комитет өз құзыреті шегінде әртүрлі салаларда 51 мәселені қарады, оның ішінде мәселелердің 86%-ы бетпе-бет отырыстар шеңберінде қаралды және мәселелердің 14%-ы сырттай отырыс­тарда қаралды.

Сырттай отырыстар негізінен Қордың саясатына сәйкес сыртқы аудитор ұсынатын аудиторлық емес қызметтерді бекітуге және сыртқы аудиторлық ұйымның тәуелсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге арналғанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, ішкі және сыртқы аудит, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, корпоративтік басқару және комплаенс мәселелерін талқылау үшін Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің қатысуымен Ішкі аудит қызметінің басшысымен, Комплаенс қызметінің басшысымен және Қор басшылығымен Аудит жөніндегі комитет отырыстарының шеңберінен тыс бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Комитет мүшелерінің 2023 жылғы отырыстарға қатысуы

Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі Лауазымы Комитет отырыстарына қатысу (%)
Сутера Лука Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет төрағасы 100% (16 — 16)
Дудас Джон Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 31% (5 — 16)
Жәмішев Болат Бидахметұлы Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 100% (16 — 16)

Стратегия комитеті

Комитеттің рөлі

Қордың Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен Стратегия жөніндегі комитет құрылды, оның құзыретіне Қордың Директорлар кеңесіне мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу кіреді:

  • Қордың 10 жылдық кезеңге арналған Даму жоспарын және Қордың Директорлар кеңесінде одан әрі қарау үшін Қордың 5 жылдық кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын алдын ала мақұлдау;
  • Қордың Директорлар Кеңесінің Даму жоспарын және Іс-шаралар жоспарын іске асыруды мониторингілеу және бақылау мақсатында Даму жоспарын, Қордың іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы есептерді (мониторинг) қарау;
  • Қаралуы Қордың Директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін Қор компаниялары тобының инвестициялық қызметі;
  • Қордың Даму жоспарында, Қордың Іс-шаралар жоспарында және Қор компанияларының бизнес-жоспарларында пайдалану үшін алдын ала және соңғы макроэкономикалық көрсеткіштердің индикативтік болжамын/ болжам диапазонын бекіту.

Стратегия жөніндегі комитет құрамындағы өзгерістер

Комитет кемінде 3 (үш) мүшеден тұрады, олардың біреуі тәуелсіз директор болуға тиіс. Комитет мүшелерінің ­өкілеттік мерзімі олардың Қордың Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттік мерзіміне сәйкес келеді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 700 қаулысына сәйкес Дудас Джонның «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі оның 2023 жылғы 1 мамырдан бастап өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Осыған байланысты, «Самұрық-­Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 226 шешімімен Джон Дудастың Комитет мүшесі ретіндегі өкілеттігі 2023 жылғы 1 мамырдан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты Стратегия жөніндегі комитеттің 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жаңартылған құрамы келесідей болды:

  • Қуантыров Әлібек Сәкенұлы — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі — Комитет төрағасы;
  • Жәмішев Болат Бидахметұлы — тәуелсіз директор.

Стратегия жөніндегі комитеттің 2023 жылғы жұмысы

2023 жылы Стратегия жөніндегі комитеттің 10 отырысы өткізілді, оның 8-і бейнеконференцбайланысты пайдалана отырып бетпе-бет болды, 2-і сырттай болды.

Комитет отырыстары Комитеттің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты негізде өтті, оған Комитет қызметінің бірінші кезектегі және маңызды мәселелері кірді. Аталған кезеңде Комитет өз құзыреті шеңберінде 31 мәселені қарады.

Комитет отырыстарында келесі мәселелер қаралып, талқыланды:

  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия жөніндегі комитетінің қызметі туралы есеп;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия жөніндегі комитетінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия жөніндегі комитетінің хатшысын тағайындау туралы;
  • «Бутадиен және оның туындыларын өндіру» жобасына қатысты (үш рет);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ірі инвести­циялық жобаларының мониторингіне қатысты (бес рет);
  • Кендірлідегі теңіз суын тұщыландыру зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың кейбір мәселелері туралы (екі рет);
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ меншікті капиталы мөлшерінің бір және одан да көп проценті сомасына қарыз алуды тарту шарттарын айқындау туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ активтерінің құрылымындағы кейбір өзгерістер туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігін ескере отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022 жылдағы 2022-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қараудың кейбір мәселелері туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ іс-шаралар жоспарында және «Самұрық-­Қазына» АҚ портфельдік компанияларының 2024-2028 жылдарға арналған бизнес-жоспарларында пайдалану үшін алдын ала макроэкономикалық көрсеткіштердің индикативтік болжамы мен болжам диапазоны туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2023-2027 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының 2023 жылдың 1 және 2 тоқсандары үшін екі отырыста іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасының орындалу қорытындылары туралы есеп;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024-2028 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын мақұлдау туралы;
  • «Каспий теңізінің түбіне ТОБЖ төсеу» жобасын іске асыру туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2023 жылғы 2-тоқсандағы 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы.
  • Бетпе-бет отырыстың күн тәртібін 8 сұрақ санында бекіту туралы.

Комитет мүшелерінің 2023 жылғы отырыстарға қатысуы

Стратегия жөніндегі комитеттің мүшесі Лауазымы Комитет отырыстарына қатысу
Қуантыров Әлібек Сәкенұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет Төрағасы 100% (10 — 10)
Жәмішев Болат Бидахметұлы Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 100% (10 — 10)
Дудас Джон Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің Төрағасы, комитет мүшесі 75% (3 — 4)

Ескертпе: Комитет мүшесі дәлелді себеппен Комитет отырысына қатысқан жоқ.

Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитеті

Комитеттің рөлі

Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитеті Қордың Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңесші органы болып табылады. Оның құзыретіне Қордың Директорлар кеңесіне Қордың Трансформация бағдарламасының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау мәселелері бойынша, сондай-ақ Қор тобының активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу кіреді.

Комитет құрамындағы өзгерістер

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 19 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қордың Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 210 шешімімен Комитет төрағасы болып Директорлар кеңесінің төрағасы — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.А. Смайылов тағайындалды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 700 қаулысына сәйкес Дудас Джонның «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі оның 2023 жылғы 1 мамырдан бастап өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Осыған байланысты, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 226 шешімімен Джон Дудастың Комитет мүшесі ретіндегі өкілеттігі 2023 жылғы 1 мамырдан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 857 қаулысына сәйкес Комитет және Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Т.М. Сүлейменовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Директорлар кеңесінің құрамы:

  • Смайылов Әлихан Асханұлы — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Комитет Төрағасы;
  • Жәмішев Болат Бидахметұлы — тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Комитеттің 2023 жылғы жұмысы

2023 жылы Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитетінің 8 сырттай отырысы өткізілді.

Комитет отырыстары Комитеттің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты негізде өтті, оған өз кезегінде Комитет қызметінің бірінші кезектегі және маңызды мәселелері кірді. Аталған кезеңде Комитет өз құзыреті шеңберінде 12 мәселені қарады.

Комитет отырыстарында келесі мәселелер қаралып, талқыланды:

  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитетінің қызметі туралы есеп;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитетінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  • «KEGOC» АҚ-ын бәсекелестік ортаға беру тәсілі туралы;
  • 2022 жылдың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысын орындау шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ және оның еншілес ұйымдарының активтерін сатуға шығару барысы туралы есеп;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитеті туралы ережеге өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-­Қазына» АҚ-на меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелестік ортаға беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • «QAZAQ AIR» АҚ-ны бәсекелестік ортаға берудің кейбір мәселелері туралы;
  • 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша Қазақстан Республи­касы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысын орындау шеңберінде «Самұрық-­Қазына» АҚ және оның еншілес ұйымдарының активтерін сатуға шығару барысы туралы есеп;
  • «KEGOC» АҚ акцияларын сатудың кейбір мәселелері туралы;
  • «KEGOC» АҚ жарияланған жай акцияларын орналастыру туралы;
  • «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-­Қазына» АҚ-на меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелестік ортаға беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • «Эйр Астана» АҚ акцияларын сатудың кейбір мәселелері туралы.

Комитет мүшелерінің 2023 жылғы отырыстарға қатысуы

Трансформация бағдарламасының іске асырылуын бақылау комитетінің мүшесі Лауазымы Комитет отырыстарына қатысу
Смайылов Әлихан Асханұлы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қордың Директорлар кеңесінің Төрағасы, Комитет төрағасы 100% (7 — 7)
Сүлейменов Тимур Мұратұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 67% (4 — 6)
Жәмішев Болат Бидахметұлы Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 100% (8 — 8)
Дудас Джон Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар Кеңесінің Төрағасы, Комитет төрағасы 100% (2 — 2)

Ескертпе: Комитет мүшесі дәлелді себептермен Комитет отырыстарына қатысқан жоқ.

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитет

Комитеттің рөлі

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитет ұсынымдар беруге және мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар қалыптастыруға жауап береді:

  • Басқарма мүшелерін сайлау (Басқарма Төрағасын қоспағанда);
  • Басқарма Төрағасы мен мүшелеріне, Омбудсменге және Корпоративтік хатшыға еңбекақы төлеудің және сыйлықақы берудің мөлшері мен шарттарын айқындау;
  • Қордың корпоративтік ПӘК-ін және Басқарма мүшелерінің функционалдық ПӘК-ін қарау;
  • Қордың кадр саясатын және Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға енгізу саясатын қарау;
  • Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитет негізінен тәуелсіз директорлардан құрылады. Мұндай құрылым мүдделі тараптардың комитет мүшелерінің пікірлері мен пайымдарына әсер ету мүмкіндігін болдырмай, шешім қабылдауда объективтілік пен тәуелсіздікке арналған.

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет құрамындағы өзгерістер

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 19 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымы бойынша Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Осыған байланысты, Қордың Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №210 шешімімен Комитет төрағасы болып Директорлар кеңесінің төрағасы — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.А. Смайылов тағайындалды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы №700 қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып Мохаммед Джамиль Аль Рамахи сайланды, сондай-ақ Дудас Джонның «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі 2023 жылғы 1 мамырдан бастап өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішінің негізінде өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Осыған байланысты, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 226 шешімімен Комитет мүшесі болып Мұхаммед Джамиль Исмаил әл Рамахи сайланды, сондай-ақ Джон Дудастың Комитет мүшесі ретіндегі өкілеттігі 2023 жылғы 1 мамырдан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 857 қаулысына сәйкес Комитет және Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Т.М. Сүлейменовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойын­ша Комитет құрамына келесі тұлғалар кірді:

  • Смайылов Әлихан Асханұлы — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Комитет Төрағасы;
  • Мохаммед Джамиль Исмаил Аль Рамахи — тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;
  • Лука Сутера — тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 2023 жылғы жұмысы

2023 жылы Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 9 сырттай отырысы өткізілді.

Комитет отырыстары Комитеттің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты негізде ұйымдастырылды, оған Комитет қызметінің бірінші кезектегі және маңызды мәселелері кірді. Аталған кезеңде Комитет өз құзыреті шеңберінде 17 мәселені қарады.

Комитет отырыстарында келесі мәселелер қаралып, талқыланды:

  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің қызметі туралы есеп;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитетінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің кейбір мәселелері туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың Омбудсменін тағайындау туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің 2023 жылға арналған уәждемелік негізгі көрсеткіштерінің картасын жаңа редакцияда бекіту туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының кейбір мүшелерінің 2023 жылға арналған қызметінің функционалдық түйінді көрсеткіштерінің картасын бекіту туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың Омбудсмені қызметінің кейбір мәселелері туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің 2023 жылға арналған уәждемелік негізгі көрсеткіштерінің картасын жаңа редакция­да бекіту туралы;
  • 2022 жылғы «Самұрық-Қазына» АҚ Төрағасы, Басқарма мүшелері үшін нақты мәндері бар «Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерінің картасын, 2022 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы мөлшерін бекіту туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшелерін сайлау туралы;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының кейбір мүшелерінің 2023 жылға арналған қызметінің функционалдық түйінді көрсеткіштерінің картасын бекіту туралы;
  • 2024 жылға арналған «Самұрық-­Қазына» АҚ қызметінің уәждемелік негізгі көрсеткіштерінің картасын қарау туралы;
  • «Қызметтік пайдалану үшін» деген белгілері бар сұрақтар (4 сұрақ).

Комитет мүшелерінің 2023 жылғы отырыстарға қатысуы

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитет Лауазымы Комитет отырыстарына қатысу
Смайылов Әлихан Асханұлы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қордың Директорлар кеңесінің Төрағасы, Комитет төрағасы 100% (9 — 9)
Сүлейменов Тимур Мұратұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 86% (6 — 7)
Джон Дудас Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 60% (3 — 5)
Лука Сутера Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 83% (8 — 9)
Мохаммед Джамиль Исмаил Аль Рамахи Тәуелсіз директор, Қордың Директорлар кеңесінің мүшесі, Комитет мүшесі 100% (1 — 1)

Ескертпе: Комитет мүшелері дәлелді себептермен Комитет отырыстарына қатысқан жоқ.

Мамандандырылған комитет

Мамандандырылған комитет Қор тобының құрамына кіретін ұйымдар қызметінің тұтастай немесе нақты саланың экономикалық дамуына әсерін кешенді және объективті талдау міндетін орындайды. Талдау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, республикалық бюджеттен қаражатты пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер мен активтерге байланысты мәселелерді қарауды болдырмайды.