Қордың кредиттік рейтингтері
Жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктерден рейтингтер алу Қордың кредиттік қабілеттілігін тәуелсіз және негізделген бағалау болып табылады.
Агенттіктер мұқият бағалау үшін бүкіл қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады. Олар сондай-ақ Қордың индустрияландыру мен қаржылық тұрақтылыққа бағытталған Қазақстан экономикасындағы маңызды рөлін атап көрсетеді.
2023 жылғы 6 қарашада S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі Қор рейтингі бойынша «тұрақты» болжамды растады және Қордың «ВВВ-/А-3» деңгейіндегі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін, сондай-ақ «KZAAA» ұлттық қазақстандық шкаласы бойынша рейтингін растады.
2023 жылғы 9 қарашада Moody's «Самұрық-Қазына» АҚ рейтингін Ваа2 деңгейінде растады, болжам — «оң».
2023 жылғы 21 қарашада Fitch «Самұрық-Қазына» АҚ рейтингтерін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты».
Рейтингтік агенттік 2023 жыл
ВВВ-/A-3
6 қараша
Болжам: тұрақты
Ваа2
9 қараша
Болжам: оң
ВВВ
21 қараша
Болжам: тұрақты
Қордың қаржылық нәтижелері 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған 12 айдағы деректерге негізделген және алдыңғы екі жылдағы деректермен салыстырылған. Төменде Қор тобы қызметінің шоғырландырылған көрсеткіштерін көрсететін қаржылық ақпаратты қамтитын кесте берілген.
Қор тобы қызметінің көрсеткіштері
Көрсеткіш | 2021 | 2022 5 | 2023 |
---|---|---|---|
Шоғырландырылған түсім, млрд теңге (мемлекеттік субсидияларды есептемегенде) | 11 710 | 14 815 | 15 434 |
Активтер, млрд теңге | 30 310 | 33 631 | 36 926 |
Меншікті капитал, млрд теңге | 17 173 | 19 793 | 21 737 |
Акционердің үлесіне шоғырландырылған таза пайда, млрд теңге | 1 629 | 1 927 | 1 698 |
EBITDA (операциялық), млрд теңге | 2 856 | 3 241 | 3 543 |
EBITDA Margin (%) | 24,4 | 21,9 | 23,0 |
5 2022 жылғы барлық қаржылық көрсеткіштер қайта есептелген және 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдағы шоғырландырылған қаржылық есептіліктен алынған.
2023 жылы шоғырландырылған түсім сомасы 15,4 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 0,6 трлн теңгеге немесе 4%-ға асып түседі. Көптеген сегменттерде 2023 жылы өткен жылмен салыстырғанда түсімнің өсуі атап өтілді, атап айтқанда: шикі мұнайды сату (+29 млрд теңге), жүк теміржол тасымалы (+391 млрд теңге), газды қайта өңдеу өнімдерін сату (+92 млрд теңге), мұнай мен газды тасымалдау (+24 млрд теңге), әуе тасымалы (+57 млрд теңге), электр кешені (+106 млрд теңге), телекоммуникациялық қызметтер (+49 млрд теңге), алыс-беріс мұнайын қайта өңдеу (+44 млрд теңге), электр энергиясын тасымалдау (+13 млрд теңге) және жолаушылар темір жол тасымалы (+15 млрд теңге).
2023 жылы шоғырландырылған түсім сомасы
15,4
трлн теңге
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың шоғырландырылған активтері 36,9 трлн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 3,3 трлн теңгеге немесе 9,8%-ға ұлғайды. EBITDA (операциялық) және EBITDA margin көрсеткіштері 2023 жылы тиісінше 3 543 млрд теңгені және 23% құрады, дәл сол уақытта 2022 жылы бұл көрсеткіштер 3 241 млрд теңгеге және 21,9%-ға тең болды. 2023 жылы Қор Қазақстан Республикасының бюджетіне 1 708 млрд теңге сомасына салықтар мен төлемдер төледі. 2023 жылы жалпы және әкімшілік шығыстар 526,4 млрд теңгені құрады.
Қор Қазақстан Республикасының бюджетіне
1 708
млрд теңге
сомасына салықтар мен төлемдер төледі
Қордың қарызы және EBITDA, (шоғырландырылған)
2023 жылдың соңында Қарыз/EBITDA арақатынасының көрсеткіші 1,75 құрады, бұл EBITDA өсімі мен қарыздың төмендеуіне байланысты. Шоғырландырылған қарыздың 7 872 млрд теңге деңгейіне дейін төмендеуі Қор тобының қарыздық міндеттемелерді жоспарлы және мерзімінен бұрын орындауы нәтижесінде болды.
2023 жылдың соңында Қор тобы қызметінің көрсеткіштері/EBITDA арақатынасының көрсеткіші
1,75
Қордың Қарызы және EBITDA, (шоғырландырылған), млрд теңге
