Ішкі аудит қызметі
Қорда Тәуелсіз ішкі аудит қызметі жұмыс істейді, ол Қордың Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді, сондай-ақ оған Қордың Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жетекшілік етеді.
2023 жылы Қызмет жылдық аудиторлық жоспарды
107%
орындады
Директорлар кеңесі Ішкі аудит қызметінің құрамын, қызметкерлерге сыйақы мөлшерін айқындайды, ішкі аудит саясаты мен рәсімдерін, сондай-ақ жылдық аудиторлық жоспар мен бюджетті бекітеді.
Қызмет өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қордың жарғысын, Қордың Директорлар Кеңесі бекіткен оның органдарының шешімдерін жылдық аудиторлық жоспарды және басқа да ішкі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.
Ішкі аудит қызметі қызметінің негізгі мақсаты Қордың Директорлар кеңесіне қордағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.
2023 жылы Қызмет жыл бойына жоспардан тыс тексерулерді қоса алғанда, жылдық аудиторлық жоспарды 107%-ға орындады. Ол ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерін, сатып алу және инвестициялық қызметтің процестерін, принциптері мен әдістерін жақсарту бойынша ұсыныстар берді, ал ұсынымдардың орындалуын бақылау нәтижелері тоқсан сайын Директорлар кеңесіне ұсынылды. Қосымша, консультациялық жұмыстар шеңберінде Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері жұмыс топтарының құрамында Қордың жекелеген еншілес компанияларын жоспардан тыс тексеруге қатысты, сондай-ақ компаниялардың Директорлар кеңестеріндегі Қордың жекелеген өкілдеріне консультациялық жұмыс көрсетілді.
2023 жылдың төртінші тоқсанында ішкі аудит қызметі PwC аудиторлық компаниясы жүргізген Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және Ішкі аудиторлар институты әзірлеген Этика Кодексіне сәйкестігі бойынша сыртқы тәуелсіз бағалаудан сәтті өтті. Бағалау нәтижелері Ішкі аудит қызметінің қызметі белгіленген стандарттар мен этика нормаларына сәйкес келетіндігін растады, бұл қызмет жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді. Сонымен қатар, 2023 жыл ішінде ішкі аудиторлардың тәуелсіздігіне немесе жеке объективтілігіне теріс әсер ететін фактілер тіркелмеген. Тоқсан сайынғы негізде Ішкі аудит қызметінің есептері Аудит жөніндегі комитет пен Қордың Директорлар кеңесінің отырыстарында қаралып, талқыланды.