Тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді басқару
Қор Стратегиясы
Қор стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізудің ажырамас бөлігі болып табылатын ESG қағидаттарын ұстана отырып, өзіне тұрақты даму саласында бірқатар міндеттер қояды:
Корпоративтік басқару құрылымы:
- Директорлар Кеңесінің рөлін және оның құрамын қалыптастыру сапасын арттыру.
- Тиісті корпоративтік басқару қағидаттары негізінде портфельдік компанияларды басқару.
- Корпоративтік басқаруға озық әлемдік тәжірибелерді енгізу.
Ашықтық және нормаларды сақтау:
- Ашықтық пен транспаренттікті қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптарды тарту.
- Есептіліктің ашықтығын жақсарту және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу.
Әлеуметтік жауапкершілік:
- Қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік шараларын жақсарту.
- Қайырымдылық, корпоративтік демеушілік және корпоративтік волонтерлікті ілгерілету арқылы елдің әлеуметтік дамуына үлес қосу.
Қауіпсіздік және денсаулық (H&S):
- «Нөлдік төзімділік» қағидатымен Қор тобында жарақаттануды азайту үшін H&S озық тәжірибелерін енгізу.
- Инновациялық және цифрлық шешімдерді қолдана отырып, дербес қауіпсіздікті және апатсыз жұмысты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру.
Адами капиталды дамыту:
- Кадрлық әлеуетті арттыру және қызметкерлердің жаңа салалардағы құзыреттерін күшейту.
- Үздік әлемдік тәжірибеге негізделген үздіксіз біліктілікті арттыру.
Ресурс үнемдеу:
- Отын-энергетика және су ресурстарын қоса алғанда, ресурстарды тиімді пайдалану.
- Жабдықтарды жаңғырту және жаңа инвестициялық жобаларда заманауи технологияларды қолдану.
- «Самұрық-Қазына» АҚ Энергия және ресурс үнемдеу бағдарламасын 2027 жылға дейін іске асыру.
Көміртексіздендіру:
- Төмен көміртекті даму тұжырымдамасы шеңберінде төмен көміртекті бизнес-модельге көшу жөніндегі Жоспарды іске асыру. Жоспарда тұрақты экологиялық қызметке көшу үшін 50-ден астам іс-шаралар айқындалған, оның ішінде баламалы энергетикаға көшу және маневрлік генерацияны ұлғайту жөніндегі ірі инвестициялық жобалар.
«Жасыл» қаржыландыру құралдарын дамыту:
- «Жасыл» таксономияға сәйкес келетін жобаларды қаржыландыру, «жасыл» облигациялар шығару.