Энергетика

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

«Самұрық-Энерго» АҚ 2007 жылы ағымдағы генерация­лық объектілерді жаңғырту және энергетика секторында жаңа өндірістік қуаттарды дамыту жөніндегі стратегиялық мемлекеттік міндеттерді іске асыру деген негізгі мақсатпен құрылды.

Белгіленген қуат

6 275

МВт

2023 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш 2022 2023
Өндірістік көрсеткіштер
Электр энергиясын өндіру көлемі, млн кВт*сағ 35 884 35 330
Қуатты өткізу көлемі, МВт 4 013 3 138
Жылу энергиясын өндіру көлемі, млн Гкал 5,50 5,78
Электр энергиясын жеткізу көлемі, млн кВт*сағ 8 154 8 686
Көмірді сату, млн тонна 42,4 42,5
Қаржылық көрсеткіштер, млрд теңге:
Түсім 381,5 444,96
Дивидендтер 2 2
Таза пайда 30,1 43,08
Операциялық пайда 164,6 92,8
Таза қарыз 231,3 228
Төленген салықтардың көлемі 54,6 54,1
Тұрақты даму принципі:
Атмосфераға СО2 шығарындылары (КТеңге есепке алмағанда) 31,978 31,877
Кәдеге жаратылған қалдықтардың жалпы көлемі 0 1,342
Жазатайым оқиғалар 10 10
Жазатайым оқиғалардағы өлім 4 2

Электр энергиясын өндіру

2023 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының электр энергиясын жалпы өндіруі объектілер арасында келесідей бөлініп, 35 330 млн кВт*сағ мәніне жетті: Екібастұз МАЭС-1 22 870 млн кВт*сағ, Екібастұз МАЭС-2 — 5 659 млн кВт*сағ, Алматы ЭС — 5 055 млн кВт*сағ, Мойнақ ГЭС — 832 млн кВт*сағ, Шардара ГЭС — 530 млн кВт*сағ өндірді. Аталған кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасында өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің 31,3%-ын өндірді.

Энергия өндіретін объектілерді жаңғырту және реконструкциялау

Алматы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы аясында Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің қолдауымен халықаралық екі кезеңдік тендер аяқталғаннан кейін 2023 жылғы 31 мамырда Dongfang Electric International Corp., Power China Sepco1 Electric Power Construction Co. Ltd. және Power China Hebei Electric Power Engineering Co. Ltd. кіретін консорциуммен ЕРС-келісімшартқа қол қойылды. 2023 жылдың 27 қазанында ЕРС-мердігер Siemens Energy компаниясымен үш газ турбиналық қондырғыны жеткізуге келісім жасады. Әрі қарай, 2023 жылдың 30 қарашасында Dongfang Electric Group Dongwan Steam Turbine Co., Ltd. компаниясымен бу турбинасы мен генераторын жеткізуге келісім жасалды. 2023 жылдың 20 желтоқсанында Росс-мердігер Dongfang Electric Group Boiler Co., Ltd. компаниясымен төрт су жылыту қазандығын, үш бу қазандығын және үш кәдеге жаратушы қазандығын жеткізу туралы келісімге келді.

Алматы ЖЭО-3-ті газға ауыстыру жобасы шеңберінде 2023 жылғы 12 қыркүйекте «KBI Energy Group» ЖШС, «Энерго Спецстрой» ЖШС, «Стандэнерго KZ» ЖШС және «СТРОЙИНДУСТРИЯ» ЖШС кіретін консорциуммен ЕРС-келісімшартқа қол қойылды. 2023 жылдың 9 қарашасында ЕРС-мердігер Ansaldo Energia компаниясымен газ турбиналық қондырғыларды өндіру және жеткізу үшін резервтеу туралы келісім жасады.

Жаңа электр сүзгілерін орната отырып, ЭГРЭС-1 № 1 Энергия блогын қалпына келтіру бойынша ҚМЖ орындаудың нақты көлемінің жалпы үлесі 99,16%-ға бағаланады. 2023 жылғы 22 желтоқсанда желіге қосыла отырып, энергия блогын тестілік іске қосу жүзеге асырылды.

Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде №3 және №4 ст.блоктарын орната отырып, 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша станцияға жабдықтың 76% жеткізілді. Қаржыландыруды тарту бойынша жұмыс­тар жүргізілуде.

ЖЭК дамуына қосқан үлесі

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының (СЭС, ЖЭС және шағын ГЭС) кәсіпорындарында ЖЭК объектілерінің электр энергия­сын өндіруі 2023 жылы 32,8%-ға ұлғайып, 554,4 млн кВтсағ құрады. Бұл көрсеткіш ҚР — да өндірілетін ЖЭК электр энергиясының жалпы үлесінің 8,1% — на сәйкес келеді.

Total Open, ACWA Power, Masdar, China Power International Holding Ltd, Power China және басқалары сияқты шетелдік инвесторлармен бірлесіп, жалпы қуаты шамамен 6 ГВт-қа дейінгі күн және жел электр станцияларын салу жобалары іске қосылды. Ынтымақтас­тықтың негізгі шарттарын белгілейтін құжаттарға, соның ішінде Total Open-мен бірлескен кәсіпорын туралы келісімге, ACWA Power, Masdar, China Power International Holding Ltd-мен бірлескен жобаларды әзірлеу туралы келісімдерге қол қойылды. Бұдан басқа, «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Юнигрин Энерджи» арасындағы күн электр станцияларын салу жобаларын іске асыру жөніндегі мәмілелер, сондай-ақ Qazaq Green Power PLC және «Tumar Commerce» ЖШС («Юнигрин Энерджи» еншілес компаниясы) арасындағы акционерлердің келісімі үшін негізгі шарттар әзірленді. Қазақстан Республикасы мен Франция арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасында ЖЭС құрылысы жобалары шеңберінде Total Open және Masdar компанияларымен бірлесіп үкіметаралық келісімдер жасалды.

Сонымен қатар, Іле өзенінде қарсы реттеуші Кербұлақ ГЭС және Семей ГЭС құрылысы бойынша алдын ала ТЭН салу бойынша жобаның ТЭН әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Богатырь Көмір

«Богатырь Көмір» ЖШС — ашық тәсілмен көмір өндіру саласындағы жетекші көмір өндіруші кәсіпорын. Компанияның жалпы өндірістік қоры шамамен 3 млрд тонна көмірді құрайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС өндірістік қуаты

50

млн тоннаға дейін ұлғайды

2023 жылы «Богатырь» қимасының циклдік-ағындық технологиясы (бұдан әрі — ТБО) енгізілді. Нәтижесінде ­«Богатырь Көмір» ЖШС өндірістік қуаты 50 млн тоннаға дейін ұлғайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз бассейнінде өндірілетін көмірдің 66% — и және жалпы қазақстандық өндірістің 38% — қамтамасыз етеді.

Компания Рефтинская ГРЭС қоса алғанда, Қазақстан мен Ресейдің ірі жылу электр станциялары үшін сенімді энергетикалық әріптес болып табылады және 6,3 мыңнан астам адамға жұмыс орындарын ұсынады.

Жаңа нысандардың құрылысы

2023 жылы Алматы облысы Қарасай ауданының ОРУ-110 кВ «Қаскелең» КС-220 кВ қосыла отырып, «Көкөзек» КС 110/10 кВ құрылысы аяқталды. Жоба сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және Алматы облысының Қарасай, Жамбыл және Іле аудандарының әлеуметтік инфрақұрылымын перспективалы дамыту, сондай-ақ қолданыстағы индустрия­лық аймақта инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті бос қуаттардың тапшылығын жабуға бағытталған.

Таза көмір технологиялары (ГРЭС-3) базасында маневрлі электр станциясын салу жоспарлануда. ҚХР, РФ, Түркия және Үндістан компанияларымен алдын ала ТЭН әзірлеу және инвестор тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

2024 жылға арналған жоспарлар

2024 жылы Компания елдің өнеркәсіптері мен коммуналдық-тұрмыстық секторларын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға, төмен көміртекті даму стратегиясын қамтамасыз етуге, ЖЭК-ті қолдауға, дамытуға және интеграциялауға, Қазақстанның экспорттық әлеуетін, энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелсіздігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруды жалғастырады.

Электр энергиясы берілді

38,2

млрд кВт*сағ

«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ — «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) (бұдан әрі — «KEGOC» АҚ) Қазақстанның Ұлттық электр желісін басқаратын және ұлттық электрмен жабдықтауды басқару мен реттеуде орталық рөл атқара отырып, елдің Бірыңғай энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы мәртебесіне ие негізгі ұйым болып табылады.

2023 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш 2022 2023
Өндірістік көрсеткіштер:
Электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемі, млрд кВт*сағ 58,5 38,2
СЭЖ пайдалану бойынша қызметтер көлемі, млрд кВт*сағ - 36,0
Техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көлемі, млрд кВт*сағ 104,26 106,28
Теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі, млрд кВт*сағ 203,12 205,41
Қаржылық көрсеткіштер14, млрд теңге:
Түсім 217,3 252,14
Дивидендтер 30,2 33,3
Таза пайда 26,7 43,4
Шығындар 166,4 181,4
Операциялық пайда 40,9 56,6
Таза қарыз 69,5 83,7
Төленген салықтардың көлемі 36 40,5
Тұрақты даму принципі:
Атмосфераға шығарындылар, мың тонна 0,01 0,001
Кәдеге жаратылған қалдықтардың көлемі, млн тонна 2,6 3,4
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны15 3 1
Жазатайым оқиғалардағы өлім 1 0

14 2022 жылғы қаржылық көрсеткіштер Компанияның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес көрсетілген

15 Жазатайым оқиға болған күннен бастап тіркеу

Қызметке әсер еткен факторлар

2023 жылдың негізгі оқиғалары Батыс энергия торабының электр желілерін күшейту жөніндегі ірі инвестициялық жобаның аяқталуы, акцияларды қайталама орналастыру (SPO), нарықтық реформа және СЭЖ пайдалану жөніндегі жаңа қызметтің пайда болуы, сондай-ақ Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағын күшейту жөніндегі жобаны іске асырудың басталуы болды.

Есепті кезеңде «KEGOC» АҚ жүйелік ­оператор ретінде Қазақстан БЭЖ-нің сапалы жұмысын қамтамасыз етуді және ел тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды жалғастырды. Елімізде электр энергиясын тұтыну 2023 жылы 115,1 млрд кВт*сағ құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 1,9%-ға артық. Бұл Компанияның таза пайдасын 42,7 млрд теңге деңгейінде алуға әсер етті, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 15,9 млрд теңгеге немесе 60%-ға жоғары.

Бұдан басқа, 2023 жылы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделін енгізу және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын іске қосу бөлігінде өзгерістер енгізілуіне байланысты «KEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын жеткізу саласына жататын, бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату операцияларын және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының есеп ­айырысу орталығымен теріс теңгерімсіздіктерді жүзеге асыру кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне «KEGOC» АҚ көрсететін ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі жаңа қызметті енгізді. Осылайша, «KEGOC» АҚ 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жүйелік қызметтердің мынадай негізгі түрлерін көрсетеді: Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын жеткізу бойынша, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша, электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлеу бойын­ша, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша.

2023 жылы өндірістік қызметкерді қолдауға баса назар аудара отырып, Компания қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыру бойын­ша елеулі жұмыс жүргізілді. Осылайша, Компания үшін талап етілетін жоғары білікті кадрларды ұстап қалу және тарту мақсатында қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған «KEGOC» АҚ Жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы іске асырылды. Нәтижесінде, 2023 жылы 51 қызметкер тұрғын үй сатып алды. Бұдан басқа, есепті жылы Компания 155,1 млн теңге сомасына тұрғын үйге ақы төлеу бойынша шығыстарды ішінара өтеу жолымен 129 қызметкерге тұрғын үй мәселелерін шешуде жәрдем көрсетті. Осылайша, 2023 жылы Компания қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған қаражат көлемі 810 млн теңгені құрады.

Инвестициялық қызмет ету

Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету және Қазақстанның БЭЖ тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ Ұлттық электр желісін дамыту бойынша бірқатар инвестиция­лық жобаларды іске асыруды жалғастырды.

2023 жылдың қараша айында Компания Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту жобасын сәтті аяқтады, осыған байланысты «Батыс Қазақстан энергия торабы — Атырау — Маңғыстау» бағыты бойынша желілердің өткізу қабілеті екі еседен астам өсті. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өңірде энергиямен жабдықтау сенімділігі едәуір артты, сондай-ақ Батыс аймақты Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен одан әрі біріктіру үшін негіз қаланды.

«KEGOC» АҚ тоғыз филиалының үшеуінде 220-500 кВ желілерін жаңғырту аяқталды.

Қайта құру жалғасып жатыр және Компания­ның барлық өндірістік филиалдарындағы электр жеткізу желілерін қамтитын болады. Алдағы сегіз жылда ұзақ пайдалану мерзімі бар электр жеткізу желілері жаңартылады, сондай-ақ кемінде 30 жыл перспективаға ресурстық мерзімдер ұзартылады.

Сонымен қатар, Компания «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту» жобасына кірісті. Жоба Жамбыл және Түркістан облыстарының 500 кВ электр желілерін күшейту арқылы Оңтүстік энергетикалық аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, оның ішінде 3 электр қосалқы станциясын тиісті кеңейтумен қатар Шу-Жамбыл-­Шымкент 500 кВ әуе желісін салуға бағытталған.

Компанияның барлық жобалары бюджеттік қаржыландырусыз меншікті және қарыз қаражаты есебінен іске асырылады.

Дивидендтер мен төлемдер

«KEGOC» АҚ 2022 жылдың қорытындысы бойынша 30,2 млрд теңге, ал 2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша 20,2 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер төледі. 2023 жылдың екінші жартыжылдығында төленген дивидендтер сомасы 21,9 млрд теңгені құрады.

«SPO» іске қосу

Акционерлік құнын арттыруға қатысты Компания үшін басты оқиғалардың бірі акцияларды қайталама орналастыру (SPO) болды, оның сомасы 34,8 млрд теңгеден асты, бұл ұсынылған көлемнен 1,5 есе көп. SPO арқылы тартылған қаражат Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағының желілерін күшейту жөніндегі KEGOC ірі инвестициялық жобасын іске асыруға бағытталатын болады.

2023 жылы «KEGOC» АҚ көлемі 16,9 млрд теңге KASE сауда алаңында KEGOC «жасыл» облигацияларын екінші рет орналас­тыруды сәтті жүзеге асырды. «Жасыл» облигацияларды орналастырудың жиынтық көлемі 2022 жылғы желтоқсаннан бастап 33 млрд теңгені құрады. Тартылған қаражат Компанияның «KEGOC» АҚ филиалдарының ӘЖ-220-500 кВ қайта құру» және «Қазақстанның БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілердің құрылысы» инвестициялық жобаларын қаржыландыруға бағытталды.

2023 жылғы 7 маусымда «Astana Finance Days» конференциясы аясында «Green Finance Awards 2023» марапаттау рәсімі өтті, оның барысында «KEGOC» АҚ 2022 жылы «жасыл» облигациялардың ең ірі шығарылымы үшін «Ең ірі қаржылық емес корпоративтік жасыл облигация» номинациясы бойынша сыйлық табыс етілді.

ESG қағидаттары

«KEGOC» АҚ өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға ықпалының маңыздылығын түсінеді және өзінің экологиялық (Е), әлеуметтік (S) және басқарушылық (G) мақсаттарының үйлесімділігі арқылы өз қызметінің тұрақты даму қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді құнның өсуіне ұмтылады.

«KEGOC» АҚ экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсай отырып, корпоративтік басқаруды қоса алғанда, ESG қағидаттарын жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Бұған акционерлердің құқықтарын тиімді іске асыру, акционерлерге әділ қарау, теңестірілген дивидендтік саясат, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқармасы қызметінің тиімділігі, сондай-ақ мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жүйесі және Компания туралы ақпаратты тиісті түрде ашу кіреді.

Компанияның ESG факторларын стратегия мен бизнес-процестерге интеграциялау жөніндегі күш-жігерінің, сондай-ақ оның корпоративтік басқару, әлеуметтік жауапкершілік және іскерлік этика қағидаттарына бейілділігінің және ақпаратты ашу сапасының арқасында 2023 жылғы 25 тамызда «KEGOC» АҚ-на 51/100 деңгейінде S&P Global CSA Score 2023 ESG-рейтингі берілді. Бұл бағалау Компанияның экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тұрақтылық қағидаттарын сақтауға бейілділігін растайды және оның неғұрлым тұрақты болашақты құруға қосқан үлесін көрсетеді.

Жаңа технологиялар

Smart Grid интеллектуалды энергия жүйесін құру шаралары ретінде компания заманауи интеллектуалды цифрлық технологияларды жоспарлы түрде енгізуде. «Энергоауысу жағдайында Қазақстанның БЭЖ-нің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету» стратегиялық мақсаты шеңберінде Қазақстанның БЭЖ басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін SCADA/EMS жүйесін жаңғырту және WAMS жүйесін кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру жалғасуда. Сондай-ақ, есепті жылы бизнес-процес­терді автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде роботтандыру және BI жүйелері сәтті енгізілді, HCM кадрлық іс жүргізудің автоматтандырылған порталы іске қосылды.

Бұдан басқа, 2023 жылы «KEGOC» АҚ аварияға қарсы автоматиканың орталықтандырылған жүйесін енгізу арқылы электр желілерінің қауіпсіздігі үшін озық технологияларды енгізді. Жүйе нақты уақыт режимінде ұлттық желінің сенімділігін қамтамасыз етеді және электр желілерінің жұмысында бұзушылықтар болған жағдайда тұтынушылардың ажыратылуын азайтады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

«KEGOC» АҚ-да еңбекті қорғау саласындағы тиімді жүйе құрылды, ол қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті нормалар мен ережелерді енгізуден және бақылаудан бастап басшылардың Health & Safety саласындағы жеке міндеттемелерді қабылдауына дейін өндірісте қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етудің кешенді тәсілі болып табылады.

«KEGOC» АҚ «Vision Zero» қозғалысының қатысушысы болып табылады, оның қағидаттары қауіпсіздік техникасын бұзуға «нөлдік төзімділік», дербес қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін үздіксіз жетілдіру және еңбекті қорғау саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу болып табылады.

«KEGOC» АҚ жүйелі тәсілінің арқасында есепті кезеңде жарақат алу жиілігінің коэффициенті (LTIFR) 3 есеге қысқарды, ал өлім-жітім коэффициенті (FAR) нөлге дейін төмендеді.

«KEGOC» АҚ 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік қауіпсіздік саласындағы жетістіктері үшін «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары арасында бірінші орынды иеленді.

2024 жылға арналған жоспарлар

Одан арғы жоспарлар «KEGOC» АҚ-ның СЭЖ дамыту жөніндегі инвестициялық портфелін іске асыруды көздейді, оның ішінде Батыс энергия жүйесін Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру, Солтүстік-Оңтүстік бағытында тұрақты ток желісін салу, «ЦГПП — ­Қарағанды — Нұра» 500 кВ желісін салу, сондай-ақ барлық қатысу өңірлерін қамти отырып, Компанияның электр желілерін қайта құрудың тағы екі кезеңін жалғастыру.

«KEGOC» АҚ өндіруші қуаттарды, оның ішінде дәстүрлі және маневрлік генерация­ны дамыту жағдайларын жасау жөніндегі белсенді жұмысты жалғастырады, электр энергиясы нарығының жаңа моделін әзірлеуге және талқылауға, құқықтық актілерді дайындау­ға, көтерме сауда нарығы субъекті­лерін Қазақстан СЭЖ-не қосу жөніндегі белсенді қатысуды жалғастырады.

Жаңартылатын энергия көздері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (бұдан әрі — «ҚАЭС» АҚ) ТЭН мен жобалық құжаттаманың толық пакетін әзірлеуді қоса алғанда, Қазақстанда атом электр станцияларын (бұдан әрі — АЭС) салудың негіздері мен егжей-тегжейлі жоспарларын дайындау үшін, сондай-ақ атом электр станцияларын салу процесін үйлестіру үшін құрылды.

Қуаты 2,8 ГВт дейінгі АЭС салу жобасын іске асырудың ағымдағы статусы

2023 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында ауыл маңында атом электр станциясының құрылысына арналған көпшілік тыңдаулар өтті. Жергілікті тұрғындар Қазақстан Республикасында АЭС құрылысына қолдау білдірді. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Алматы облысында «Ulken» атом электр станциясының құрылысы» жобасы үшін ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырманы бекітті.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2023 жылы қазақстандық БАҚ атом энергетикасы тақырыбын белсенді түрде жариялап, 108 телевизиялық сюжетті, 2 радиоэфирді және 951 интернет-БАҚ-та жарияланымды қоса алғанда, 1061 материал шығарды. Instagram, Facebook және YouTube-тегі «ҚАЭС» АҚ ресми парақшаларын қоса алғанда, әлеуметтік желілерде 1 355 пост орналастырылды.

«ҚАЭС» АҚ атом энергиясын пайдалануға қатысты Қазақстан халқының пікірін және АЭС салу бойынша нақты бастамаларды зерделеу үшін жан-жақты әлеуметтік зерттеу жүргізді. 2023 жылы жүргізілген зерттеу өткен жылғы деректермен салыс­тырғанда қоғамдық қабылдаудың оң өзгеруін және атом энергетикасының қоғамдық қолайлылығының жоғары деңгейін тіркеді: сұралғандардың 57,2%-ы атом энергетикасын дамытуды жақтады (2022 жылғы 48%-бен салыстырғанда). Қазақстанда АЭС салу жоспары туралы респонденттердің 73%-ы естіген (2022 жылы — 65%). Сауалнамаға қатысушылардың 53,6%-ы Қазақстанға өзінің атом электр станциясы қажет деп санайды (2022 жылы — 48%). Жобаның қарсыластары сауалнамаға қатысқандардың 40%-н құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 44% аз.

2024 жылға арналған жоспарлар

  • Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша Жалпыұлттық референдум дайындауға және өткізуге қатысу;
  • АЭС салу үшін орынды таңдау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына бастама жасау;
  • Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін инженерлік ізденістер мен ТЭН әзірлеудің маркетингтік құнын айқындау;
  • АЭС (вендор) үшін технологиялардың негізгі жеткізушісін таңдауда Қазақстан Республикасының Үкіметіне қолдау көрсету.