Қайырымдылық қызмет
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры — «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы, ол «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын іске асырады.
524
астам қазақстандық қайырымдылық көмекпен қамтылған
«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2023 жылы денсаулық сақтау, білім беру, халықтың неғұрлым әлеуметтік осал топтарын қолдау және өңірлерді дамыту салаларында жалпы сомасы 7,2 млрд теңгеге 46 әлеуметтік жобаны іске асырды. Жобалар халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, Қор компаниялары бар өңірлерде, сондай-ақ Мемлекет ресурстары жеткіліксіз бағыттарда коммерциялық емес ұйымдармен серіктестікте жүзеге асырылды.
Осы жобалар шеңберінде 524 мыңнан астам қазақстандық қайырымдылық көмекпен қамтылды, оның ішінде 97 мың ана мен бала, 87 мың ауыл халқы, сондай-ақ 700 адам жұмысқа орналастырылды.
Денсаулық сақтау саласында Медициналық және оңалту көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, емдеудің инновациялық әдістерін енгізуге және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көңіл бөлінді. 19 оңалту орталығы іске қосылды. 7 аймақтағы ауылдық ауруханалар 18 жедел жәрдем көлігімен және 9 инватаксимен (ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдарға арналған көлік) қамтамасыз етілді. Шымкент, Қарағанды, Талдықорған, Ақтау, Өскемен және Орал қалаларының перинаталдық орталықтарына жаңа туған нәрестелердің емдік гипотермиясы мен ретинопатиясы аппараттары жеткізілді. Онкологиялық аурулары бар 90 500-ден астам бала Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында заманауи жабдықтармен емделді. ҚР-да диагнозы емделмейтін 61 баланың ем алуы төленді. Шалғайдағы станциялардың 100 мың азаматы «Медициналық пойыздар» жобасы аясында тегін медициналық және құқықтық көмек алды. Алматыда Даун синдромы бар балаларға арналған орталық жаңа форматта жұмысын бастады.
Білім беру саласында сапалы білім алу және адами капиталды іске асыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалған. Ауыл жастарының 227 өкілі білім гранттарын алып, еліміздің 45 Үздік орта оқу орындарында тегін білім алуда. Оның ішінде 2 түлек жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік осал санаттағы 500 оқушы үшін тегін сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылды. 1000-нан астам балалар мен олардың ата-аналарына арналған жазғы танымдық және инклюзивті лагерьлер ұйымдастырылды. Спорт саласында инфрақұрылымды дамытуға және қолжетімді спорттық ортаны құруға үлес қосылды. 9 ірі спорт кешені салынды, 26 жаңа спорт-ойын алаңы орнатылды. 23 елді мекенде тегін бейімделген спорт секциялары ашылды. Креативті индустрияны дамыту аясында Ақтөбе облысының облыстық жасөспірімдер кітапханасының ғимараты толығымен жаңартылып, ғылым мен заманауи шығармашылықтың креативті орталығына қайта жандандырылды. Қайырымдылық жобаларын іске асырумен қатар, «Samruk-Kazyna Trust» қоры жұртшылықпен, мемлекеттік институттармен, БАҚ және сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен, сондай-ақ портфельдік компаниялармен өзара іс-қимылды нығайта отырып, қазақстандықтардың сенімін арттыру үшін жұмыс істейді. Азаматтық қоғамның, мемлекеттік органдардың, бизнестің 300-ден астам өкілдерінің және компаниялар тобының қызметкерлерінің қатысуымен корпоративтік қайырымдылық форумы форматында өткізілген жұртшылық алдындағы есеп жақсы дәстүрге айналды.
«Samruk-Kazyna Trust» қызметін БАҚ, КЕҰ және сарапшылар белсенді түрде келтіреді. 2023 жылы қазақстандық медиада 5 мыңнан астам жарияланым Қордың қайырымдылық бастамаларына арналды.
«Қазақстан халқына» ҚҚ-мен серіктестік орнатылды, оның аясында ҚР өңірлерінде аутизмі бар балаларға арналған 13 ерте араласу орталығын және 8 оңалту орталығын ашу жобасы іске асырылуда. Екі бағыт бойынша балаларды жалпы қамту даму ерекшеліктері бар 2 500-ден астам баланы құрайды.
Сонымен қатар, корпоративтік әріптестік шеңберінде «Болат Өтемұратов Қоры» ҚҚ-мен бірлесіп бірлескен әлеуметтік жобалар іске асырылды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқыту және жұмысқа орналастыру жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру мақсатында «Шелл Қазақстан» компаниясымен әріптестік жолға қойылды.