Даму стратегиясы

БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ

Жауапты инвестициялар арқылы адамдардың әл-ауқаты мен қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын ұстанып инновациялық дамуда серпіліс жасайтын ұлттық экономика көшбасшысы.

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

Қазақстан Республикасы халқының мүддесі үшін активтердің әртараптандырылған портфелін тиімді басқару және бизнесті қолдау арқылы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді құнды құру.

Қор қызметінің мақсаты Қор тобына кіретін ұйым­дардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту, сондай-ақ Қор тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің (2023 жылғы 17 наурыздағы № 230) қаулысымен «Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2023 — 2032 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Самұрық-­Қазына» АҚ-ның 2032 жылға дейінгі жаңартылған Даму жоспары ағымдағы және болашақ сын-қатерлерді табысты еңсеруге бағытталған ойластырылған стратегия болып табылады. Сонымен қатар, Қордың Даму жоспары негізгі Жалпыұлттық басымдықтарға сәйкес келеді және ел дамуының ұзақ мерзімді бағытын айқындайтын ұлттық құжат болып табылатын «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға ықпал етеді.

Бұл ретте айта кету керек, Даму жоспары алдыңғы жылдардағы ұқсас құжаттарға қатысты сабақтастықты сақтайды, олармен қайшылықтарға түспейді, бірақ жекелеген ережелерді толықтырады және нақтылайды.

Ел дамуының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық конъюнктурасын және Қордың рөлін ескере отырып, бүгінгі күні инвестицияларды Қазақстан экономикасын дамытуға жұмылдырған жөн. Осыған байланысты, алдағы 7 жылда Қорды басқару моделі елдің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуын қолдау міндеттері бар стратегия­лық холдинг ретінде айқындалды.

2030 жылға қарай Қор қолайлы нарықтық жағдайларда әрекет ете отырып және өзінің стратегиялық активтеріндегі мажоритарлық үлесін сақтай отырып, инвестициялық холдингке айналуды жоспарлап отыр.

Өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық деңгейде «келешегі бар серіктес» ретіндегі беделін нығайту үшін Қор өз портфелін әртараптандыруға және оны экспортқа бағытталған инновациялық жобалармен толтыруға ұмтылатын болады.

Стратегиялық мақсаттар

Таза активтердің құнын арттыру

  • Еңбек өнімділігін арттыру
  • Қаржы тұрақтылық
  • Бизнес процестерді оңтайландыру және жетілдіру
  • Активтерді жаңғырту және цифрландыру
  • Жаңа шектерге шығу және салаларды құру
  • ҒЗТКЖ және инновацияларды, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту

Активтер портфелін тиімді басқару

Қор портфельдің сапасын оңтайландыруға және арттыруға, озық технологияларды енгізуге, сондай-ақ бизнесті жүргізу моделін жетілдіруге ықпал ететін болады.

Бәсекелестікті дамыту

  • IPO/SPO және экономикадағы үлесті төмендету
  • Ірі инфрақұрылымдық жобалар
  • Ресурстық базаны кеңейту
  • Жаһандық серіктестік және инвестициялық қызметті үйлестіру
  • Жауапты және нарықтық тарифтер белгілеу
  • Инфрақұрылым мен нарықтарға тең қол жетімділік

Бизнеске арналған экожүйе

Қор активтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бірлескен инвестор ретінде Қор тек жеке инвесторлар жүзеге асыра алмайтын аса маңызды жобаларға қатысады.

ESG қағидаттарын енгізу

  • Корпоративтік басқару
  • Ашықтық, транспаренттілік және комплаенс
  • Әлеуметтік жауапкершілік
  • H&S озық тәжірибелері
  • Адами капиталды дамыту
  • Ресурс үнемдеу
  • Көміртексіздендіру
  • «Жасыл» қаржыландыру

Тұрақты даму

Адамдардың әл-ауқатына, экологиялық тепе-теңдікке және озық бизнес тәжірибелері мен корпоративтік басқару қағидаттары негізінде ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге назар аударылады. Нәтижесінде активтердің ұзақ мерзімді құнының өсуі және инвестициялық тартымдылықтың артуы.