Қордың тұрақты дамуға қосқан үлесі

Қазақстан экономикасының тұрақты өсуінің жаңа моделін қалыптастыруда «Самұрық-­Қазына» АҚ маңызды рөл атқарады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қордың елдің тұрақты дамуына қосқан үлесі 10,1 трлн теңгеге бағаланады.

2023 жылы Қордың әлеуметтік ықпалы

396

млрд теңге

2023 жылы елдің экономикалық дамуына қосқан үлесі

7 965

млрд теңге

Әлеуметтік жауапкершілікке ерекше назар аударылады. 2023 жылы Қордың әлеуметтік ықпалы 396,3 млрд теңгені құрады, оған акционерге өзге де бөлу және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қаражат бөлу шеңберіндегі әлеуметтік жобаларға арналған шығыстар, Samruk-Kazyna Trust қайырымдылық жобалары, жұмыскерлер мен қатысу өңірлерін әлеуметтік қолдау, өндіріс­тегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіреді. Негізгі әлеуметтік жобалардың ішінде Алматы қаласында инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының құрылысын және шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығының, сондай-ақ Астана қаласында перинаталдық орталықтың құрылуын атап өту қажет.

Елдің экономикалық дамуына қосқан үлесі 7 965 млрд теңгені құрады. Мемлекет пайдасына жалпы сомасы 3 262 млрд теңгеге дивидендтер мен салықтар төленді. Қор энергетика, газ инфрақұрылымы, көлік және коммуникацияларды қоса алғанда, экономиканың маңызды инфрақұрылымы мен негізгі салаларына, сондай-ақ барлау мен өндіруге 1 302 млрд теңге инвестициялады. Кәсіпкерлікті қолдау аясында отандық өндірушілерден 3 401 млрд теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды.

Экологиялық салаға қосқан үлесі 542 млрд теңгені құрады. Бұл экологиялық төлемдер және қоршаған ортаны қорғау шығындары (ҚОҚ), оған технологияларды енгізу, энергия тиімділігі, зерттеулер мен әзірлемелер кіреді. Сондай-ақ, жалпы сома пайдалану объектілерін жоюға және экологиялық залалды қалпына келтіруге арналған резервтерден, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген залал үшін міндеттемелер бойын­ша резервтен тұрады.

Экономиканы субсидиялау мұнай-газ өнімдерінің төмен бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді, бұл отандық өндірушілердің әлеуметтік тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін маңызды.

2023 жылы Қор есебінен бағалар мен тариф­терді айқас субсидиялау көлемі 1 177 млрд теңгені құрады. Экономиканы субсидиялау негізінен мұнай өнімдерінің 199 млрд теңге сомасындағы бағасын, тауар­лық және сұйытылған газдың 208 млрд сомасындағы бағасын, сондай-ақ темір жол арқылы жүктерді (тас көмір, астық, темір және түсті кен, құрылыс жүктері, химикаттар мен сода, минералды тыңайтқыштар және т. б.) тасымалдауға 338 млрд теңгеге тарифтерді қамтыды. Сонымен қатар, жылу энергиясының төмен тарифтерін ұстап тұруға 9 млрд сомаға қаражат салынды. Едәуір бөлігі мерзімді басылымдар бойынша, сондай-ақ жергілікті деңгейде 17 млрд теңге сомасында зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша тариф­терге бағытталды. Сондай-ақ, тарифпен жабылмаған күрделі салымдар 406 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте инфрақұрылымды жаңарту және инвестициялық тартымдылықты ­арттыру мақсатында тарифтерді залалсыздық деңгейіне дейін жоспарлы түрде арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қордың міндеті-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мақсатты инфляциялық дәліз шегінде тарифтердің өсуін 10-12%-ға сақтау. Қор қабылдаған осы және басқа шаралар ішкі жалпы өнімнің өсуіне және елдің экономикалық тұрақтылығының нығаюына ықпал етті.

Әсер ету матрицасы 2023, млрд теңге

2023:

2022:

1 ЖТС есебінсіз

2 ҚҚС есебінсіз

3 Қордың бағалар мен тарифтердің өсуін тежеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар салаларды айқас субсидиялауы

4 Оның ішінде «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қорына есептеу әдісі бойынша бөлу