Адами капиталды дамыту
«Samruk Business Academy» жеке мекемесі (бұдан әрі — SBA) оқытуды ұйымдастыру және әкімшілендіру, қызметкердің аутстаффингі және HR-консалтинг бойынша қызметтер көрсететін сервистік компания болып табылады. SBA 2004 жылы «Бірыңғай қызметкерді дамыту орталығы» базасында құрылған «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» жекеменшік мекемесінен 2022 жылы атауын өзгертті. Бүгінгі таңда SBA озық тәжірибені жинақтау және жаңа білімді қалыптастыру үшін табысты орталық болып табылады.
2004 жылдан бастап SBA оқыту, бағалау және қызметкерді дамыту қызметтерін ұсынады. Қазіргі уақытта SBA «Самұрық-Қазына» АҚ тобының мамандарын қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен, адам ресурстарын басқару, өзгерістерді басқару, «Самұрық-Қазына» АҚ дамуының стратегиялық мақсаттарына сәйкес корпоративтік мәдениетті қалыптастыру саласындағы процестерді қолдаумен айналысады.
Оқытуды ұйымдастыру саласындағы қызмет
2023 жылы SBA корпоративтік және өндірістік оқыту блогы келесі модульдік оқыту бағдарламаларын іске асырды: «Middle Management», «Гендерлік теңдік», «Жеті Қадам», «PR School», «HR School», «Recruitment School», «Сатып алуды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді басқару», IR, «Өндіріс тірегі», «Бірінші желі», «Машинист-инструкторлар академиясы», «Қауіпсіздік сақшылары», «Өндірістік менеджер».
"Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті" жобасы бойынша 2023 жылға 312 CEO, SEO-1, SEO-2, SEO-3 және портфельдік компаниялар мен ЕТҰ-ның 480 ішкі жаттықтырушысы оқытылды. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 29 099 өндірістік қызметкері оқытылды. Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті бойынша оқыту кестеге сәйкес 2024 жылы да жалғастырылатын болады.
2023 жылы SBA «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (IAAR) NV агенттігінде халықаралық институционалдық аккредиттеуден өтті.
IAAR агенттігінде халықаралық аккредиттеуден өткен барлық білім беру бағдарламалары мен ұйымдары еуропалық дерекқорға — The Database Of External Quality Assurance Results (DEQAR) енгізілген, бұл білім беру бағдарламалары мен ұйымдарының әлемдік сапа стандарттарына сәйкестігін растайды және еуропалық жоғары білім беру кеңістігі аумағында аккредиттелген білім беру бағдарламаларын тану үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдер үлесін кезең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ «Гендерлік теңдік» жобасына бастама берілді, ол 2023 жылғы 5 мамырда аяқталды.
Бағдарламаны аяқтаған әйел басшылар саны 71 адамды құрады.
HR-консалтинг қызметтері
HR-консалтингтің негізгі бағыттары:
- Жұмысқа қабылдау кезінде және қызметкерлердің лауазымдарға сәйкестігін бағалау;
- Кадр резервін қалыптастыру кезіндегі әлеуетті бағалау;
- Грейдинг.
Құзыреттер бойынша сұхбат, сауалнамалар әдісімен
179
қызметкерді бағалау
2023 жылы
441
лауазым бағаланды
Қызмет мен құзыреттілікті бағалау
Қызметкерді бағалау — бұл SBA-ның негізгі бағыттарының бірі. Ол мыналар шеңберінде бағалау рәсімдерін өткізуді қамтиды:
- жалдау кезіндегі бағалау,
- кадр резервін бағалау,
- қызметкерді аттестаттау,
- job matching (әр түрлі көздерден алынған деректерді бос орынға үміткердің бірыңғай профиліне сәйкестендіру),
- 360 градус әдісімен бағалау және т.б.
Бұл бағалау құралы компаниялар мен қызметкерлерге басқа мүдделі тараптармен (клиенттермен, жеткізушілермен, басқару органдарымен және т.б.) өзара әрекеттесу сапасын (иерархиялық, кроссфункционалды) бағалауға мүмкіндік береді.
2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша үшінші тарап онлайн-құралдарын пайдалана отырып бағалау саны 460, ал өзінің онлайн-жүйелерін пайдалана отырып — 3 098 құрады. Сондай-ақ құзыреттер бойынша сұхбат, сауалнамалар әдісімен 179 қызметкерді бағалау, сондай-ақ терең сұхбат әдісімен 55 бағалау жүргізілді.
Грейдинг
Грейдинг бойынша жобаларды іске асыру компания үшін және нарықпен салыстырғанда әрбір лауазымның құндылығы негізінде әділ сыйақы жүйесін қолдануға мүмкіндік береді. Қордың портфельдік компанияларында 2016 жылдан бастап «Hay Group» халықаралық әдіснамасы бойынша еңбекақы төлеудің грейдтік жүйесі енгізілуде.
2023 жылы 441 лауазымға бағалау жүргізілді және төмендегі компанияларда еңбекақы төлеудің грейдерлік жүйесін енгізу бойынша жобалар іске асырылды: «Qazaq Air» АҚ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС.
Рекрутинг қызметтері
Рекрутингтің негізгі бағыттары:
- Рекрутинг процесін әкімшілендіру;
- Толық іздеу және қызметкерді жалдау циклі.
2023 жылы Қор және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KMG Petrochem» ЖШС, «Силлено» ЖШС, «KPI» АҚ, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан» ҰК» АҚ, «Bolashak Investment» ЖШС сияқты компаниялар рекрутинг қызметтеріне тапсырыс берушілер болды. Шарттарды іске асыру аясында 96 бос жұмыс орны жабылды.
Рекрутинг қызметтерін дамыту мақсатында SBA FIRCaspian компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды және Назарбаев Университетінің, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің, Esil University және Astana it University мансаптық іс-шараларына қатысты.
2024 жылға арналған жоспарлар:
- Модульдік оқыту бағдарламаларын іске қосу: «C&B мектебі», «HR school», «PR school», «Recruitment School», «Өндірістік қауіпсіздік бойынша көшбасшылық академиясы», «Бас геолог», цех бастықтарына арналған «Өндірістік менеджер», «Инженер-энергетик», «IR School», «Экология және ESG мектебі», «Әзірлеу жөніндегі бас инженер», «Мұнай және газ өндіру жөніндегі шебер»
- SBA LMS жүйесін құру (learning management system) — онлайн оқыту, тестілеу және сертификаттар беруді ұсынатын қызметкерлерді оқытуға арналған автоматтандырылған платформа.
- 1С ERP (кешенді ақпараттық басқару жүйесі) енгізу және HR процестерін автоматтандыру арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
- Қатысу географиясын кеңейту және жаңа клиенттерді қамту.