ТДМ қағидаттарын ұстану
Тұрақты даму және ESG қағидаттарын енгізу Қордың негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Ұзақ мерзімді тұрақты дамудың негізгі факторларына адамдардың әл-ауқаты, экологиялық тепе-теңдік және ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету кіреді.
Қор және оның портфельдік компаниялары Біріккен Ұлттар ұйымы қабылдаған тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі — БҰҰ ТДМ), БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына, БҰҰ Жауапты инвестициялау қағидаттарына, Экватор Қағидаттарына бейілділігін бөліседі.
Қор стратегияның, мақсаттар мен міндеттердің тұрақты даму саласындағы жалпы мақсаттармен, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, БҰҰ ТДМ-да, Париж климаттық келісімінде көрсетілген мақсаттармен және тиісті ұлттық және аймақтық мақсаттармен үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Тұрақты даму жөніндегі іс-шаралар Қордың Даму стратегиясын (Даму жоспарын) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіледі. Қордың тұрақты даму саласындағы қызметі туралы толығырақ ақпарат тұрақты даму туралы есепте берілген, онымен Қордың веб-сайтында танысуға болады.