«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкестігі туралы мәлімдеме
Корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтаудың маңыздылығын түсіне отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес Қордың басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге ұмтылады.
2012 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін (бұдан әрі — Кодекс) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын қабылдады, бұл корпоративтік мәдениеттің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге маңызды қадам болды.
Корпоративтік басқару практикасы үнемі дамып келе жатқанын назарға ала отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ үздік халықаралық практикаға сәйкес корпоративтік басқару қағидаттарын үнемі қайта қарайды және жетілдіреді. 2023 жылы, оның ішінде Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексінің ережелері мен ЭЫДҰ қағидаттарын ескере отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 590 қаулысымен бекітілген Кодекстің жаңа редакциясы әзірледі.
«Самұрық-Қазына» АҚ Кодекстің негізгі қағидаттарын сақтауға және сақталмаған жағдайда мұндай бұзушылықтардың себептері туралы түсініктеме беруге міндеттенеді. Кодекстің ережелерін сақтамаудың кез келген жағдайлары Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің отырыстарында мұқият қаралады, сондай-ақ Қордағы корпоративтік басқаруды одан әрі жетілдіруге бағытталған тиісті шешімдер қабылданады.
Қор ұзақ мерзімді перспективада тұрақты табысқа жету үшін Кодексті тиісті түрде сақтау мәселелеріне ерекше мән береді. Жыл сайын оның қағидаттары мен ережелерін сақтау/сақтамау туралы есеп Қордың Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне ұсынылады.
«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын сақтауға ұмтылады, өйткені бұл Жалғыз акционер, серіктестер және жалпы қоғам алдындағы міндеттеменің ажырамас бөлігі болып табылады.
2024 жылы Кодекстің негізгі ережелеріне олардың 2023 жылы сақталуына талдау жүргізу жоспарлануда. Есепті жылы Қор негізінен Кодексте көрсетілген барлық қағидаттарды сақтады. Толық ақпарат 5-қосымшада берілген.
Корпоративтік басқару жүйесі
Қор қолданыстағы басқару тәжірибесін жақсартуға, сондай-ақ Қор қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге күш-жігерін шоғырландыра отырып, тиісті корпоративтік басқару стандарттарын қатаң ұстанатынын растайды.
Қор халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді корпоративтік басқару жүйесіне ие. Бұл жүйе Қордың қызметін басқаруға және бақылауға ықпал ететін процестерден тұрады, соның ішінде Жалғыз акционер, Директорлар кеңесі, Басқарма және мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимыл. Ол Қордың ұзақ мерзімді құнын арттыруға және оның тұрақты дамуына бағытталған. Директорлар кеңесі осы өзара қатынастардың тиімділігін жақсарту мәселелерін үнемі қарастырады. Басқару органдарының өкілеттіктері мен шешім қабылдау рәсімдері Қордың жарғысымен қатаң реттеледі.