Инвестициялық қызмет ету

Қор портфеліндегі коммерциялық активтерді ұлғайту және осылайша 2024 жылға қарай инвестициялық портфельді белсенді басқаруға толық көшумен портфельді оңтайландыру мен қайта құрылымдауды жалғастыруға назар аудару — бұл Қордың жақын болашақтағы міндеттері. Қордың инвестициялық холдинг форматына көшуі портфельде екі санаттағы активтердің болуын білдіреді. Біріншісі — Қордың бақылау үлесі сақталатын стратегиялық активтер. Бұл активтерді басқару акционердің құқықтарын іске асыру арқылы және осы компаниялардың Директорлар кеңесінде Қор өкілдерінің көмегімен жүзеге асырылады. Экономикалық қалпына келтіру кезеңінде Қор инвестицияларының шоғырлануы бірлесіп инвестициялау қағидаттарында басым бағыттарды дамытуға жұмсалады. Шетелдік инвестицияларға келетін болсақ, олар екі бағытқа бөлінеді: тікелей және портфельдік. Тікелей инвестициялар бойын­ша ұзақ мерзімді перспективада дамыған елдерде, Қор портфелін әртараптандыруды қамтамасыз ететін салаларда іске асырылатын жобаларға инвестициялар жоспарланады. Бұл бөлімде «Самұрық-­Қазына» АҚ инвестициялық саясаты Стратегияны іске асыруға толық сәйкес келеді және оны қолдайды.

Қордың компаниялар тобының инвестиция­лық портфеліне жиынтық сомасы

~49

трлн теңгеге 130-дан астам инвестициялық жоба кіреді

Инвестициялық саясат

«Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық саясаты портфельді басқарудағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін әзірленген және Қор қызметінің осы бағыттағы мақсаттары мен қағидаттарын белгілейді.

Саясат Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынымы бойынша бәсекелес ортаға беруге жататын ұйымдардың тізіміне енгізілген портфельдік компаниялардың және өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акциялар пакеттеріне) қатысу үлестерін иеліктен шығару жағдайларына қолданылмайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық саясатын үш негізгі мақсат айқындайды:

  • Қор портфелі құнының ұзақ мерзімді тұрақты өсуін және капиталдың ақылға қонымды ұлғаюын қамтамасыз ету;
  • Болашақ ұрпақ үшін қаржылық әл-ауқатты қалыптастыру, сақтау және ұлғайту;
  • Портфельді география, экономика салалары және активтер кластары бойынша әртараптандыруды қамтамасыз ету.

Инвестициялық қызметте Қор мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

  • Коммерциялық орындылық қағидаты — Қордың және оның портфельдік компанияларының инвестициялау стратегиялары коммерциялық орындылыққа, ұзақ мерзімді мүдделерге және инвестициялардың кірістілігі мен қайтарымдылығын барынша арттыруға негізделген (бұл тиімділіктің негізгі критерийі).
  • «Сары беттер» қағидаты Қордың қаражатын Қазақстан аумағында өзінің экономикалық қызметін жүзеге асыратын объектілерге салу туралы шешімдер Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасында белгіленген барлық шектеулер ескеріле отырып қабылданады. Атап айтқанда, олар жекеменшік сектордың дамуына кедергі келтірмегенде, бәсекелестікті шектемегенде және монополиялауға әкелмегенде ғана.
  • Жауапты инвестициялар қағидаты — Қор экономикалық секторлар мен жалпы қоғамның тұрақты және теңдестірілген дамуына ықпал ететін инвестициялық стратегияларды іске асыруға ұмтылады.

Инвестициялау критерийлері

Барлық инвестициялар оң таза келтірілген құнмен (NPV>0) және меншікті капитал құнынан (IRR>CoE) асатын ішкі кірістілік нормасымен сипатталуы керек.

Стратегиялық серіктестің болуы Қорға жаңа инвестицияларды бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қор Қазақстанға стратегиялық байланысы бар экономика салаларында (мұнай саласын қоспағанда) халықаралық инвестицияларды жүзеге асырады. Бұл инвестициялар жобаны іске асырудың барлық кезеңдерін және жобаның өмірлік циклінің сатыларын қамтиды.

Инвестициялық стратегияларды жүзеге асыру үшін Қор қаржыландырудың әртүрлі көздерін — меншікті қаражатты, портфельдік компаниялардан дивидендтерді, дивестициялардан түсетін түсімді, ұлттық және халықаралық капитал нарықтарында тартылған қарыз қаражаттарын, сондай-ақ топішілік қаржыландыру мен басқа да көздерді жұмылдырады.

Жобалар портфелі

Қордың компаниялар тобының инвестиция­лық портфеліне жиынтық сомасы ~49 трлн теңгеге 130-дан астам инвестициялық жоба кіреді.

2023 жылы Қордың Директорлар кеңесі Қор тарапынан жүйелі мониторингке жататын жиынтық сомасы ~24 трлн теңгеге 42 ірі инвестициялық жобаның тізбесін айқындады, олардың едәуір бөлігі мемлекеттік бағдарламалар мен ҚР Үкіметінің бағдарламалары шеңберінде бастамашылық етілген. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қор тобы 15 жобаны (басым және басқа да жобаларды) іске асыруды аяқтады.

Қазіргі уақытта Қордың компаниялар тобы инвестициялық портфельге енгізілген жобаларды іске асыру бойынша жұмыс­ты жалғастыруда. Қор тарапынан 2024 жылға арналған тұрақты мониторингті қамтуға мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика, тау-кен және басқа да секторлардағы жиынтық сомасы 21,9 трлн теңгеге 35 ірі жоба енгізілді.

Басым инвестициялық жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасы үшін мынадай оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: жаңа энергия өндіруші қуаттарды пайдалануға беру және қолданыстағылардың қуатын ұлғайту есебінен мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; жаңартылатын энергия көздерін дамыту және дәстүрлі көмір электр станцияларын газға ауыстыру; газ тасымалдау инфрақұрылымын және ресурстық қорды дамыту; елдің транзиттік-көліктік әлеуетін ұлғайту; әртараптандыру әсерімен жоғары өңдеу өнімдерін өндіру; озық шетелдік технологиялар трансферті; экспорттық әлеуетті дамыту және импортты алмастыру және т. б.

Аталған жобаларды қаржыландыруды Қордың және портфельдік компаниялардың өз қаражаты есебінен, сондай-ақ инвесторлардың қаражатын тарту және қарыздық қаржыландыру есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл ретте көрсетілген жобаларға тікелей шетелдік инвестициялардың (халықаралық қаржы институттары тарапынан қарыздық қаржыландыруды қоса алғанда) сомасы алдын ала бағалау бойынша шамамен 12 трлн теңгені құрайды.

Басым жобалардың жалпы санынан 8 жоба инвестиция алдындағы сатыда; 15 жоба бойынша жобалық құжаттама (ТЭН/ЖСҚ) әзірленуде; 12 жоба құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау сатысында. Бұл ретте 11 жоба бойынша ЕРС-келісімшарттар жасалды.

Қордың компаниялар тобының 2023 жылы іске асырылған инвестициялық жобалары:

  1. Атырау облысын газдандыру мақсатында «Мақат-Солтүстік Кавказ» магис­тралдық газ құбырының лупингін салу;
  2. Батыс өңірлердің халқы мен бизнесін газбен қамтамасыз ету үшін ­«Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші тармағын салу;
  3. Газ құбырының өткізу қабілетін 15 млрд м3 дейін ұлғайту үшін «Бейнеу-­Бозой-Шымкент газ құбырын салу (1 тармақ)» жобасы шеңберінде «Бозой» КС компрессорлық станциясын кеңейту;
  4. Алматыда ЖЭО үшін газ инфрақұрылымын дайындаудың бірінші кезеңі, оның ішінде «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистралдық газ құбырлары арасында екі автоматтандырылған газ тарату станциясы мен TIP-04 жалғастырғыш газ құбырының құрылысы (жалғастырғыш газ құбырының ұзындығы — 9,6 км, өнімділігі 1 000 мың м3/сағ);
  5. Су құбырының өткізу қабілетін тәулігіне 170 мың м3 дейін ұлғайту үшін «Астрахань-­Маңғышлақ» магистралдық су құбырын қайта құрастыру және кеңейту (1 кезек);
  6. «Богатырь» разрезінде көмірді өндірудің, тасымалдаудың, орташаландырудың және тиеудің циклдік-ағынды технологиясына көшу, оның мақсаты разрездің өндірістік қуатын ұлғайту болып табылады (жылына 32 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін);
  7. Туризм объектілерін газбен жабдықтау үшін «Сарша» және «Теплый пляж» жерлерін газдандыру;
  8. Қазақстан Республикасының батыс өңірлерін электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту;
  9. Алматы облысын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Көкөзек» 110/10 кВ қосалқы станциясын салу;
  10. Тиісті өнім импортының көлемін қысқарту мақсатында Астана қ. шатыр және қаптау материалдарын өндіретін зауыт салу;
  11. Қостанай облысының 2 елді мекенін (Жітіқара қаласы, Тобыл кенті, Үлкен Чураковка ауылы) газдандыру;
  12. «Анабай» газ кен орнын іске қосу;
  13. «Ақсай Оңтүстік» кен орнын іске қосу;
  14. «Рожковское» газ кен орнын іске қосу;
  15. «Шығыс Өріктау» мұнай-газ кен орнын іске қосу, бұл көмірсутек шикізатының ресурстық қорын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілген басқа нәтижелердің ішінде мыналарды атап өткен жөн:

1. Келесі жобалар бойынша құрылыс-­монтаждау жұмыстары басталды:

  • Алматы станциясының т/ж торабын айналып өтетін айналма т/ж желісін салу, бұл Алматы торабына жүктемені 40%-ға төмендетуге және жүктерді жеткізу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді;
  • Түркістан — Шымкент — Ташкент учаскесінің өткізу қабілетін арттыру үшін «Дарбаза — Мақтаарал» т/ж желісін салу;
  • Қытайдан транзиттік жүк ағынын ұлғайту үшін «Бақты-Аягөз» т/ж желісін салу;
  • Алматы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 газға ауыстыру мақсатында газ инфрақұрылымын салу.

2. Келесі жобалар бойынша ЕРС-келісімшарттар жасалды:

  • Қуаты 450 МВт дейінгі БГҚ базасында Алматы ЖЭО-2 жаңғырту және Алматы ЖЭО-3 қайта құрастыру. Аталған жобалар Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы электр қуаты нарығының тапшылығын жабуға, ЖЭО-ны табиғи газды жағуға көшіру есебінен станциялардың Алматы қаласының экологиялық жағдайына теріс әсерін азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, негізгі отынды газға ауыстыру нәтижесінде күл-қож қалдықтарының түзілуі мен көмілуі алынып тасталады;
  • Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу (жоба Жаңаөзен қаласының халқын және кәсіпорындарын сумен жабдықтау мәселелерін шешу, қолданыстағы су тапшылығын азайту, сондай-ақ Маңғыстау облысының әлеуметтік қамсыздандыру саласына жүктемені азайту мақсатында іске асырылуда);
  • Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту (жоба Оңтүстік аймақ тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге және Оңтүстік аймақ облыстары арасындағы электр байланысын күшейтуге бағытталған);
  • Жаңаөзен қаласында жаңа МӨЗ салу (жобаны іске асыру 1973 жылдан бері жұмыс істеп тұрған зауыттың тозуының жоғары дәрежесіне байланысты қажет);
  • Түркістан облысында қуаты 1000 МВт дейінгі БГҚ базасында электр энергиясының тапшылығы, оның ішінде Қазақстанның Оңтүстік өңірінде маневрлік қуаттардың тапшылығы мәселелерін шешу үшін электр станциясын салу.

3. Басым жобаларды іске асыру үшін стратегиялық әріптестерді тарту мәселесі пысықталды, атап айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

  • 2023 жылғы қаңтарда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен ADPG арасында Каспий өңіріндегі теңіз және жағалаудағы жүк тасымалы, дамыту және танкер және сауда флотына инвестициялар салу саласындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды;
  • 2023 жылдың ақпан айында АХҚО алаңында Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd. (бұдан әрі — CIMS) үлестерді бөлумен бірлескен кәсіпорны құрылды: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) 49%-ы және ADP еншілес компаниясы International Maritime Investments Ltd. компаниясында 51%-ы;
  • 2023 жылдың маусым айында CIMS қазақстандық мұнайды Каспий теңізіне тасымалдау үшін жалпы сомасы 27,6 млн еуроға (немесе 30 млн АҚШ долларына) 8 000 тонналық екі жаңа танкерді («Taraz» және «Liwa») сатып алды;
  • 2024 жылғы 1 ақпанда АХҚО юрисдикциясымен Жекеменшік компания нысанында «SK-Presight AI Ltd» БК тіркелген, үлес­тері келесідей бөлінді: Presight-те 70% және «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-де 30%;
  • 2023 жылдың мамыр айында «KTZ Express» АҚ және PSA ТХКБ бағытын дамытуға және цифрлық сауда дәлізін құруға бағытталған KPMC Ltd бірлескен кәсіпорнын құрды;
  • 2023 жылғы 22 тамызда Қазақстан мен Әзірбайжанның телекоммуникациялық нарықтарының ірі ойыншылары, «Қазақтелеком» АҚ және Azertelecom Int. ЖШҚ Транскаспий талшықты-оптикалық кабельдік желісінің жобасын іске асыру шеңберінде ТОБЖ құрылысына жауапты бірлескен кәсіпорынды тіркеу туралы шартқа қол қойды. Бірлескен кәсіпорын — CASPINET B.V., онда «Қазақтелеком» АҚ-ның үлесі 50% құрайды";
  • 2023 жылғы 25 қыркүйекте «Самұрық-­Энерго» АҚ "Фирма ОРГРЭС" ЖШҚ-мен (Ресей) «№3 ст. энергия блогын орнатумен ЭГРЭС-2 кеңейту және қайта құрастыру» жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қойды;
  • 2023 жылғы 17 қазанда Sinopec компаниясының «Полиэтилен өндірісі» жобасына кіруі туралы келісімдерге, атап айтқанда «Силлено» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Sinopec арасында, СИБУР мен Sinopec арасында) қатысу үлесін сатып алу-сату шарттарына қол қойылды;
  • Total Eren, ACWA Power, Masdar, China Power International Holding Ltd, Power China және басқалары сияқты ірі шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықта, жиынтық қуаты шамамен 6 ГВт-қа дейін­гі күн және жел электр станцияларын салу жобалары басталды. Бұл тұрғыда тараптардың ынтымақтастығының негізгі шарттарын, соның ішінде Total Eren-мен бірлескен кәсіпорын туралы келісімді, ACWA Power, Masdar, China Power International Holding Ltd-мен бірлескен жобаны әзірлеу туралы келісімді бекітетін құжаттарға қол қойылды. Бұдан басқа, «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Юнигрин Энерги» арасындағы КЭС құрылысы жобаларын іске асыру жөніндегі мәмілелердің негізгі шарттары, сондай-ақ Qazaq Green Power PLC және «Tumar Commerce» ЖШС («Юнигрин Энерги» еншілес компаниясы) арасындағы акционерлердің келісімі ресімделді. Серіктестер талап ететін жобаларды іске асырудың ерекше жағдайларын нығайту үшін Қазақстан Республикасы мен Франция, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасында Total Eren және Masdar компанияларымен бірлесіп ЖЭС салу жобалары бойынша Үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

Басым инвестициялық жобалар бойынша 2024 жылға жоспарланған маңызды іс-шаралардың ішінде мыналарды атап өткен жөн:

  • Кендірлі кентіндегі тұщыландыру зауытын және ілеспе инфрақұрылымды салу жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау (зауытты кейіннен 2025 жылдың жазында пайдалануға бере отырып);
  • «Интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы, екінші кезең (Полиэтилен)» және «Газ-сепарациялық кешеннің құрылысы» жобалары бойынша соңғы инвестициялық шешім қабылдау;
  • «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралдық газ құбырының екінші желісін және АГТЖ-тен ЖЭО-3-ке жеткізуші газ құбырын қоса алғанда, Алматы қ. ЖЭО-2, ЖЭО-3 газбен жабдықтау үшін газ инфрақұрылымының құрылысын аяқтау;
  • Екібастұз ГРЭС-1 № 1 энергия блогын пайдалануға беру;
  • Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құрастыру жобалары бойынша ЕРС-келісімшарттар жасасу (№3 ст., № 4 ст. энергия блоктары); ГРЭС-3 станциясын салу; Батыс Қазақстанның энергожүйесін БЭЖ-мен біріктіру; қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу.
  • "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысы шеңберінде 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін 98 мектепті және 31 желтоқсанға дейін 110 мектепті іске қосу;
  • Алматы қаласындағы ЖЭО-2 жаңғырту және ЖЭО-3 қайта құру жобалары бойын­ша, сондай-ақ Түркістан облысындағы БГҚ базасында электр станциясын салу жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы.

Төмен тиімді жобалар

2023 жылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес іске асыру сатысында табыстылығы төмен 3 жоба болды:

1. «Сарша» аймағын және «Жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыру.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы ұзындығы 60 км жоғары қысымды жерасты газ құбырын салды. Жаңа газ құбыры Құрық ауылын Сарша жерімен және Ақтау қаласының маңындағы «Теплый пляж» курорттық аймағымен байланыстырды. Бұл жоба тұщыландыру зауытының энергетикалық қолдауы арқылы су тапшылығын шешуге ықпал етіп қана қоймай, курорттық аймақтардың жыл бойы жұмысын қамтамасыз ете отырып және өңірдің экономикалық ілгерілеуіне ықпал ете отырып, Каспий жағалауында туризмнің дамуын ынталандырады.

2. Кендірліде қуаты тәулігіне 50 000 м3тұзсыздандыру зауытын салу.

2023 жылы Жаңаөзен қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысында жаңа тұщыландыру зауытының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, ал зауыттың жобалық қуаттылыққа шығуы 2025 жылы күтілуде. ­Объектінің құрылысы «Астрахань-Маңғышлақ» магистралдық су құбырын қайта құру жобасын іске асыруды бастаған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаражаты есебінен қаржыландырылады.

3. Каспий теңізінің түбімен ТОБЖ төсеу.

Каспий теңізінің түбіндегі ТОБЖ Орталық Азия елдерін бірыңғай Интернет-кеңістікпен байланыстырады. «Қазақтелеком» АҚ 2023 жылы Әзірбайжан — Қазақстан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық желі құрылысының халықаралық күрделі жобасымен жұмысты жалғастырды.

Негізгі маршрут Ақтаудан Әзірбайжан Сумгаит ауданына дейін өтеді және 340 км-ден асады, ұзындығы 330 км-ге жуық резервтік арна қазақстандық Құрық портынан Баку маңындағы Сумгаит қаласының ауданына дейін салынады.

Транскаспий жобасы Қазақстан үшін (және тұтастай алғанда бүкіл Орталық Азия өңірі үшін) стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады, өйткені оны іске асыра отырып, Қазақстан халықаралық транзит нарығына қосымша жол ашады, бұл Азия елдерінен Қазақстан аумағы арқылы Әзірбайжанға дейінгі жаһандық трафиктің Грузия, Қара теңіз және Болгария арқылы Еуропаға шығуымен транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба сонымен қатар жаңа цифрлық телекоммуникация дәлізін құруды жеделдету үшін драйвер ретінде қызмет етеді және жоғары жылдамдықты және қорғалған деректер инфрақұрылымын дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге көмектеседі.

Басым жобалар

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

01

127,2

құны — млрд теңге

Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

02

3 614,0

құны — млрд теңге

Полиэтилен өндіру

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

03

1 301,0

құны — млрд теңге

Полиэтилен жобасы үшін ГАК салу

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

04

167,6

құны — млрд теңге

Жаңаөзен қаласында жаңа МӨЗ салу

«QazaqGaz» ҰК» АҚ

05

492,0

құны — млрд теңге

Қашағанда МӨЗ салу (1 кезең)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ

06

102,1

құны — млрд теңге

Алматы қ. ЖЭО-ны газдандыру үшін газ инфрақұрылымын салу

«QazaqGaz» ҰК» АҚ

07

2 909,0

құны — млрд теңге

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ қуатын арттыру (2-тармақты салу)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ

08

547,9

құны — млрд теңге

«Ақтөбе» МГБ Краснооктябрьск ЖӨБ КС-14 жаңа компрессорлық станциясын және «КС-14 — Қостанай» жаңа магис­тральдық газ құбырын салу

«Самұрық-Энерго» АҚ

09

187,1

құны — млрд теңге

Жаңа электр сүзгілерін орната отырып, №1 ГРЭС-1 энергия блогын қалпына келтіру

«Самұрық-Энерго» АҚ

10

436,0

құны — млрд теңге

Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту

«Самұрық-Энерго» АҚ

11

341,3

құны — млрд теңге

Қуаты 450 МВт-қа дейінгі БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру

«Самұрық-Энерго» АҚ

12

22,5

құны — млрд теңге

«Богатырь» разрезінде аршыма жыныс­тарды тасымалдаудың авто-конвейерлік технологиясы

«Самұрық-Энерго» АҚ

13

445,0

құны — млрд теңге

№3 ст. энергия блогын орната отырып, ЕГРЭС-2-ні кеңейту және қайта құру

«Самұрық-Энерго» АҚ

14

537,0

құны — млрд теңге

№4 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту

«Самұрық-Энерго» АҚ

15

1 034,0

құны — млрд теңге

ГРЭС-3 таза көмір технологиялары базасында станция салу

«Самұрық-Энерго» АҚ

16

516,2

құны — млрд теңге

Алматы облысында ЖЭС 810 МВт дейін кеңейту (Power China)

«Самұрық-Энерго» АҚ

17

552,0

құны — млрд теңге

«Total Eren» энергиясын жинақтау жүйесімен 1 ГВт ЖЭС салу

«Самұрық-Энерго» АҚ

18

828,0

құны — млрд теңге

«ACWA Power»-пен бірлесіп энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт ЖЭС салу

«Самұрық-Энерго» АҚ

19

690,0

құны — млрд теңге

«Masdar»-мен бірлесіп энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт ЖЭС салу

«Самұрық-Энерго» АҚ

20

552,0

құны — млрд теңге

«China Power International Holding Ltd.» бірлесіп энергия жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт ЖЭС салу

«Самұрық-Энерго» АҚ

21

363,4

құны — млрд теңге

Unigreen Energy компаниясымен жалпы қуаты 1 ГВт дейін КЭС салу

«Түркістан БГҚ» ЖШС

22

682,8

құны — млрд теңге

Түркістан облысында қуаты 1000 МВт дейінгі БГҚ базасында электр станциясын салу

«KEGOC» АҚ

23

201,8

құны — млрд теңге

Батыс Қазақстан энергожүйесін Қазақстан БЭЖ-мен біріктіру

«KEGOC» АҚ

24

154,1

құны — млрд теңге

Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

25

108,8

құны — млрд теңге

Қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

26

542,8

құны — млрд теңге

«Достық-Мойынты» теміржол дәлізін жаңғырту

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

27

151,0

құны — млрд теңге

Алматы станциясының т/ж торабын айналып өтетін айналма т/ж желісін салу

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

28

286,0

құны — млрд теңге

«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

29

577,5

құны — млрд теңге

Бақты-Аягөз т/ж желісін салу (3-ші шекаралық өткізу пункті)

«Қазақтелеком» АҚ

30

536,9

құны — млрд теңге

Қазақстан Республикасында 5G желісін салу

«Қазақтелеком» АҚ

31

23,0

құны — млрд теңге

Каспий теңізінің түбімен ТОБЖ ­магистралін төсеу

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК" АҚ

32

343,1

құны — млрд теңге

Қызылорда облысындағы Шалқия ­полиметалл кен орындарын өнеркәсіптік игеру

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК" АҚ

33

77,0

құны — млрд теңге

Қарағанды облысындағы Алайғыр кен орнында полиметалл кендерін өндіру және өңдеу

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС (ҮҚШ — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ)

34

311,3

құны — млрд теңге

Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым объектілерін салу (Қарабатан учаскесі)»

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ

35

2 139,0

құны — млрд теңге

«Жайлы мектептер» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру

Барлығы

21 900,4

құны — млрд теңге

Самұрық-Қазына Инвест қызметі

«Самұрық-Қазына ­Инвест» ЖШС стратегиялық серіктестермен ынтымақтастықта Қазақстан Республи­касының аума­ғында түрлі жобаларға тікелей инвестицияларды іске асыратын қаржылық тұрақты инвестициялық компания.

Самұрық-Қазына Инвест негізгі мақсаты «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық портфелін әртараптандыруды жүзеге асыру болып табылады.

Самұрық-Қазына Инвест жаңа өндірістер құру, сапалы жұмыс орындарын қалыптастыру, импортқа тәуелділікті қысқарту, экспорт көлемін ұлғайту, сондай-ақ шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту арқылы экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталған.

2023 жылғы қызметтің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш 2022 2023
Қаржылық көрсеткіштер, млн теңге:
Өзгерістері кезең ішіндегі пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы құралдарымен жасалатын операциялардан түсетін таза пайда 3 853 23 069 26
Алынған дивидендтер 1 850 2 115
Операциялық шығындар (1 180) (1 721)
Операциялық қызметтен түсетін кірістер (залал) 4 523 23 463
Қаржылық кірістер (шығыстар), нетто (14 877) (4 781)
Салық салуға дейінгі пайда/(залал) (13 488) 18 578
Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша шығыс 2 938 (2 163)
Кезең ішіндегі пайда (залал) (10 550) 16 415

26 Жылдар арасындағы мәндер негізінен қаржылық активтерді қайта бағалау, 2022 жылы Қорға облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу шығындары және бағам айырмашылығының әсері есебінен ерекшеленеді.

2024 жылға арналған жоспарлар

2024 жылы Самұрық-Қазына Инвест өңдеуші өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық жобаларға инвести­циялай отырып, өзінің инвестициялық портфелін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Жобалардың жалпы құны ГФР, Қытай, БАӘ және Түркия инвесторлары тарапынан 47 млрд теңге мөлшерінде тікелей шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, 420 млрд теңгені құрайды.

Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық динамикасын және Қордың елдің экономикалық дамуындағы маңызды рөлін ескере отырып, ел ішіндегі инвестицияларға, атап айтқанда, халықаралық стратегиялық инвесторлармен стратегиялық жобаларға артықшылық берілетін болады.

Жаһандық деңгейде Қор инвестициялық портфельді әртараптандыруға, оны экономикалық қосылған құны жоғары және экспорттық әлеуеті бар индустриялық жобалармен байытуға бағытталған.

Халықаралық аренада түрлі бастамалар мен жобаларды бірлесіп іске асыру үшін жетекші әлемдік ұйымдармен және егеменді әл-ауқат қорларымен ынтымақтастыққа баса назар аударылатын болады.

Жаһандық стратегиялық әріптестерді тарту технологиялық алмасуға және инвестициялар тартуға ықпал етеді, бұл Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Бұл тәсіл Қорға жаңа нарықтарда өзінің қатысуын кеңейтуге, бірлескен инвестициялар арқылы күш-жігерді біріктіре отырып, халықаралық инвестициялық тәжірибені нығайтуға мүмкіндік береді.